2019 жылдың 15-19 сәуір аралығында Орыс тілі және сөйлеу мәдениеті кафедрасы мемлекеттік тілде оқитын 1-курс студенттері арасында бейнероликтер


2019 жылдың 15-19 сәуір аралығында Орыс тілі және сөйлеу мәдениеті кафедрасы мемлекеттік тілде оқитын 1-курс студенттері арасында бейнероликтер байқауын өткізеді.:

* «Жастар денсаулығы – Болашақтың стратегиялық ресурсы »;

* «Спорт-қазақстандық жастардың өмірлік қажеттілігі»;

* «Отбасы-жастардың тірегі. Шаңырақ-жас отбасының тірегі»;

* «Сыбайлас жемқорлық – университеттік ортада жол берілмейтін фактор».

Байқаудың мақсаттары:

— салауатты өмір салты мен спортқа дұрыс көзқарасты қалыптастыру;

— отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерге құрмет көрсету;

— сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу.

Бейнероликтерді бағалау критерийлері:

  1. Бейнероликтің ерекшелігі (100% авторлық);
  2. Тақырыпты толық ашу;
  3. Роликті қатысушылардың міндетті түрде дыбыстауы;
  4. Қатысушылар саны;
  5. Бейне түсіру сапасы;
  6. Регламентті сақтау (3 минуттан 6 минутқа дейін).

Қамту – 140-150 адам.

 

Без рубрики