2023 жылдың қыркүйек айының 28-29 күндері «Студенттер үйі» мен №3 жатақханада тұрып жатқан студенттермен Басқарма Төрағасы – Тәрбие ісі жөніндегі проректор А.Қ. Қалықов, Техника қауіпсіздігі жөніндегі маман С.М. Кульжановтың қатысуымен өрт қауіпсіздігінің алдын алу туралы жиналыс өтті. Өрт – тілсіз жау, бөлмеде қуаттағышта тұрған ұялы телефонды алып, қуаттағыш токтан алмаудың салдары осындай жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан, бөлмеден шығатын кезде токты тексеріп, бөлмеде тыйым салынған заттарды токқа қоспау керектігі ескертілді.