Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестріне шетелдегі университеттеріне оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз:
- Вильнюс Гедиминас техникалық университеті (Вильнюс қ., Литва) https://vilniustech.lt/studies/study-programmes/294828
- Познань Техногиялық университеті (Познан қ., Польша) https://www.put.poznan.pl/wymiana-studencka
- Кобург Қолданбалы Ғылымдар Университеті (Кобург қ., Германия) https://www.coburg-university.de/academic-studies/international-bachelor-programs.html
- Румын-Америка Университеті (Бухарест қ., Румыния) https://www.rau.ro/find-a-ba-program/?lang=en
- Острава Техникалық Университеті (Острава қ., Чехия) https://www.vsb.cz/en/study/exchange-students/exchange-programme/
- Малайзия техникалық университеті (Куала-Лумпур қ., Малайзия) https://www.utm.my/
- Краков техникалық университеті (Краков қ., Польша) https://www.pk.edu.pl/index.php?option=com_content&view=article&id=86&Itemid=268&lang=en
- Обуда университеті (Будапешт қ., Венгрия) https://uni-obuda.hu/faculties/
- Пекин технологиялық университеті (Пекин қ., Кытай) https://isc.bit.edu.cn/admissionsaid/financialaid/scholarships/b112920.htm#
Құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін 09.10.2023ж. дейін 241 кабинетке (бас корпус) баруын сұраймыз.
Шығындарды ішінара өтеу ЖОО-ның бюджеттен тыс қаражаты есебінен жүзеге асырылады (көлік шығындары, тұруға арналған шығындар, медициналық сақтандыруды сатып алуға арналған шығындар).
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- 2, 3 курс білім алушылары
- GPA – 3.0 және одан жоғары
- В2 деңгейінде ағылшын тілін білу (Upper-Intermediate)
- Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті
Қажетті құжаттар тізімі:
- ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
- уәждемелік хат;
- мөрмен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;
- Қазақстан Республикасының азаматы паспортының көшірмесі;
- студент кәмелетке толмаған жағдайда ата-анасының жазбаша келісімі;
- 3×4 сурет – 3 дана;
- мектеп аттестатының көшірмесі;
- файлдар – 2 дана
Ағылшын тілін B1/B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.
Қабылдаушы университеттің талабы бойынша қосымша құжаттар қажет болуы мүмкін!