Құрметті студенттер!


«Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 14 қазанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына арналған «Жерлестерің ерліктерімен даңқты» атты конкурстық әскери-патриоттық іс-шара өткізеді.
Конкурс мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі

Конкурсты ұйымдастырушылар: ОТ және М каф. меңг. м.а. Азимбаева Ж.А., аға оқытушы Кишенова А.Ю., оқытушы Баймамырова С.А.

Өткізу формасы: күндізгі.
Мақсатты аудитория: 1 және 3 курс студенттері.
Студенттерді қамту: 80 адам.

Конкурс мақсаты:

  • студенттерді Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың аңызға айналған тағдырымен таныстыру;
  • Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігі мысалында студенттердің бойында патриоттық, намыс, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыру;
  • студенттердің әскери тақырыптағы білімдерін байыту.

Конкурс міндеттері:

  • Ұлы Отан соғысының трагедиясының ауқымы мен халық ерлігінің ұлылығын көрсету;
  • ұрпақтар сабақтастығы мен қарттарды: соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету қажеттілігі туралы ой тастау;
  • студенттердің шығармашылық қабілеттерін, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту.

Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының Батыры атанған алғашқы қазақстандық әйел. Аңызға айналған жауынгерлік ерлік жасап, ол 20 жаста өз өмірін Отан бостандығы үшін қиды. Мәншүк Мәметованың өмірбаяны тек балалық және жастық шақты құрайтын кезеңде үзілді. Бірақ халық оны есінде сақтайды және мәңгі сақтайды. Көптеген қалалардың мектептері, лицейлері, көшелері кейіпкердің есімімен аталады. Орал мұражайында жүздеген жәдігерлермен бірге оның таяуда ғана майдан даласынан табылған пулеметі де қойылған. Алматы маңында тау шыңдарының бірі Мәншүк Мәметованың есімімен аталады

Іс-шара үйлестірушілері:

  • Кишенова А.Ю.
  • Баймамыров С.А.

Тел.: +77785472412, эл. пошта: baymamyrov.serikkazy@mail.ru

Без рубрики