Қарағанды техникалық университетінде 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Вильнюс техникалық университетіне (Литва), Познань политехникалық университетіне (Польша), Краков Техникалық Университетіне (Польша) оқуға студенттердің құжаттарын қабылдау ашылды.
Құжаттарды тапсыру үшін, сондай-ақ толық ақпарат алу үшін 19.11.2021ж. дейін 241 кабинетке (бас корпусқа) өтініш білдіруді сұраймыз.
Қажетті құжаттар тізімі:
- ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
- транскрипт;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- сурет 3*4 – 3 дана;
- мектеп аттестатының көшірмесі;
- файлдар – 2 дана
Ағылшын тілін B1/B2 деңгейінде не одан жоғары білу, ағымдағы академиялық көрсеткіш GPA – 3.0 және одан жоғары, мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.
Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:
Вильнюс техникалық университетінде Гедимина https://vilniustech.lt/studies/study-programmes/294828
Познань политехникалық университеті https://www.put.poznan.pl/wymiana-studencka
Краков техникалық университеті https://www.pk.edu.pl/index.php?option=com_content&view=article&id=86&Itemid=268&lang=en