Құрметті әрітестер!


I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2014 жылдың 24-25 қазан аралығында «Ғылым, білім және инновация — «Қазақстан — 2050» стратегиясының орындалуының маңызды факторлары»атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция мақсаты — білім мен ғылымның даму стратегиясын әлемдік одақтарды және жаңа ғаламдық өзгерістердің шартында талқылау.

Конференция аясында төмендегі шараларды өткізу жоспарланып отыр: Пленарлық мәжіліс «Ғылым, білім және инновация — «Қазақстан — 2050» стратегиясының маңызды факторлары»

Секциялар:

  1. Қазақстан Республикасындағы қазіргі заңнамалардың өзекті мәселелері: теориясы және практикасы.
  2. Гуманитарлық ғылымдар: өзекті мәселелері, даму үрдісі, заманауи аспектілері.
  3. Мектепке дейінгі, бастауыш және жалпы орта білім берудің өзекті мәселелері
  4. Қазақстан жолы — 2050: ғылыми қамтымды экономика.
  5. Заманауи жаратылыстану ғылымы: қазіргі күйін талдау және даму перспективалары.
  6. Оқу үрдісіндегі жаңа инновациялық технологиялар.
  7. Мәдениет және өнер: теория мен тәжірибенің өзекті мәселелері.

Шақырылған қатысушылар:

  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері;
  • ҚР, ТМД және шет ел жоғары оқу орындарының ректорлары, ғалымдары, магистранттары мен докторанттары

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Баяндама мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі 2014 жылдың 14 қазанына дейін. Ұйымдастыру комитеті материалдарды конференцияға дейін басып шығаруды жоспарлап отыр.

 

 

Конференцияны Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 040009, Талдықорған қ., Жансүгіров көшесі 187А, I. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, 301 каб., Ғылым және инновациялық технологияларды коммерциялизациялау офисі. Телефон: (8-7282) 22-17-79(вн:1172), факс: (8-7282) 22-21-22.

E-mail: zhgu.nauka@gmail.com, zhgu_nauka@mail.ru

Толық ақпаратты http://zhgu.edu.kz/ сайтынан көре аласыздар.

Қосымша жүктеу

Без рубрики