Соңғы екі он жылдықта жоғары білім түбегейлі өзгерді. Қашықтан оқыту, соынмен қатар сапаға кепіл беру маңызды мәселеге айналды. Жоғары білімнің сапалы болуының маңыздылы артты. Әр түрлі форматтағы бағдарламаларды іске асырып жатқан ЖОО рыногка шығып жатқандықтан кәсіби аккредиттеудің маңыздылығы артып отыр.
Жоғары білім берудің сапасы мәселелері бойынша Халықаралық конференция (ЖБС, 2014) барша әлем ғалымдарына, зерттеушілеріне және экспертттеріне олардың кейінгі зерттеулерін, нәтижелерін, ойларын, оқиғаларды және қолдануларын сапалы жоғары білім берудің барлық салаларында жаһандық перспективалар арқылы ұсыну үшін мүмкіндікиер береді. Сондықтан, конференцияның мақсаты- сапалы білім беруге байланысты ұлғайып келе жатқан жаһандық уайым туралы әртүрлі түсініктерімен бөлісу үшін, ғалымдар мен зерттеушілерге платформа ұсыну.
Жоғары білім берудің сапасы мәселелері 2014 Халықаралық конференциясы Түркияның жоғары білім берудің сапасын жақсарту бойынша алдыңғы қатарлы университтерінің бірі болып табылатын Сакарья университетімен ұйымдастырылады. Коференцияда арнайы әлемнің түкпір- түкпірінен шақырылған баяндаушылардың презентациялары және жоғары білімнің сапасын жоғарылатуға байланысты теорияларға және тәжірибенің сапасына кепілдікті негізге алатын баяндамалар қамтылады. Конференция материалдары электрондық үлгіде және ЖОО-ның, сапаға кепілдік беру агенттіктерінің, академиктердің, студенттердің және жалпы қоғамның пайдасына кітапта, баспа үлгісінде шығарылады.
Сіз аталмыш жоғары білім берудегі тәжірибемен бөлісуге арналған халықаралық академиялық оқиғаға қатыса аласыз, ал Біз Сізді Түркиядағы сакарья университетінде қонақ ретінде көруге қуаныштымыз.
E-mail: elmas@sakarya.edu.tr