9 қаңтар, 2014 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті Тау-кен институтының студенті, бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сапиев дипломдық жобасын «үздік» деген бағаға қорғады.
ҚарМТУ ректоры, ҚР ҒҰА академигі Ғазалиев А.М. аса көрнекті студентті жоғары оқу орынды сәтті бітірумен жеке құттықтады. Бітіруші ретінде С.Сапиев университетке мамандардың жоғары сапалы даярлығы үшін үлкен алғыс айтты. Сонымен қатар дипломды кенші болашақта өз өмірін шахтаға арнаған әкесінің жолын қайталауға мүмкіндігі туралы атап кетті.