Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер!


Сіздерге 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрі кезеңінде Erasmus+ аясында алмасу бағдарламасына оқытушылар / қызметкерлердің қатысуы үшін өтінімдерді қабылдаудың ашылғаны туралы хабарлаймыз.

Өтінімдер беру үшін және барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық орталығына (241 кабинет, бас корпус) хабарласуыңызды сұраймыз.

Өтінімдерді беру мерзімі 2023 жылғы 10 ақпанға дейін.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. CV (жарамды e-mail мекенжайы бар түйіндеме)
  2. Төлқұжаттың көшірмесі (шетелдік)
  3. Жұмыс/оқыту жоспары
  4. Ғылыми жарияланымдар тізімі
  5. Мотивациялық хат
  6. Ағылшын тілін білетіндігін растайтын Сертификат – IELTS / TOEFL немесе Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ағылшын тілі кафедрасы берген Сертификат. Ағылшын тілін білу деңгейі С1 болуы керек.

Erasmus+ шеңберінде алмасу бағдарламасы үшін серіктес жоғары оқу орындары:

  1. Румыния-Америка университеті (Бухарест, Румыния).

https://www.rau.ro/academic-departments/?lang=en

  1. Вильнюс техникалық университеті (Вильнюс, Литва).

https://vilniustech.lt/faculties/6157

Без рубрики