Сіздерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2022-2023 оқу жылының көктемгі семестріне Рессей университеттеріне (Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті, Томск политехникалық университеті, Томск мемлекеттік сәулет – құрылыс университеті, Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, Император Александр I Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті, Орал мемлекеттік тау-кен университеті, Тюмень индустриалды университеті) оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз.
Өтініш беру үшін 07.10.2022 ж. дейін 241 кеңсеге үшін келуінізді сұраймыз.
Шығыдарды өтеу «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ бюджеттен тыс қаражаты (көлік шығындар, тұру шығындар, медициналық сақтандыруды сатып алу шығындар) есебінен жүзеге асырылады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
- 2, 3, 4 (факультет деканының рұқсатымен) курс білім алушылары;
- GPA – 3.0 және одан жоғары;
- Орыс тілін білу;
- Мамандықтың барынша сәйкестігі міндетті.
Мамандықтардың тізімін төменде табуға болады:
- Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) — https://www.spbstu.ru/abit/bachelor/calculator/
- Томск мемлекеттік сәулет – құрылыс университеті (Томск қ., Ресей) https://tsuab.ru/educational-programs/
- Томск политехникалық университеті (Томск қ., Ресей) — https://abiturient.tpu.ru/bachelor
- Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті (Уфа қ., Башқұртстан Республикасы, Ресей ) http://www.pk.rusoil.net/page/perechen-programm-bakalavriata-i-specialiteta
- Император Александр I Петербург мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) https://priem.pgups.ru/bakalavriat.php
- Орал мемлекеттік тау-кен университеті (Екатеринбург қ., Ресей) — https://abit.ursmu.ru/importante/napravlenii-podgotovki.html
- Тюмень индустриалды университеті (Тюмень қ., Ресей)
Қажетті құжаттар тізімі:
- ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
- оқу жұмыс жоспары (2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрге);
- транскрипт;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- скоросшиватель;
- сурет 3*4 – 3 дана;
- мектеп аттестатының көшірмесі;
- файлдар – 2 дана
- студенттің/магистранттың өтінішінің нысаны;
- білім алушының отбасының көп балалы екендігін растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;
- студенттің ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін;
- студенттің мүгедектігін растайтын құжат