Сіздерді Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен құттықтаймыз!
Біз үшін бұл ерекше күн! Қазақстан жүз елуден астам ұлт өкілдеріне туған жер болып табылады.
Жиырма жылдан аса, Біздің мемлекетіміз ешкімді ұлттық белгі бойынша бөлмей достықтың шынайы түрін және бірлікті барлық әлем бірлестігіне паш етеді. Этникалық және конфессиналдық келісім, саяси тұрақтылық, алдағы күндегі сенімділік – бұл барлығы Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері.
Ұлтаралық достықтың нығаюына ерекше үлесті Қазақстан халықтарының Ассамблеясы да қосады. Осы ерекше ұйымның қызметі мемлекет халықтарының өкілдері өз мәдениеттерінің дамуына, туған тілді, дәстүрлерді және әдеттерді сақтауға бірдей құқық болуын көздейді. Сонымен қатар мәдениет орталықтары, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа қоғамдық бірлестіктер үлкен рөл атқарады. Әр түрлі ұлттардың және халықтардың өкілдері біздің әулие жерімізді Отан ретінде санайды. Біздің борышымыз – «Стратегия «Қазақстан — 2050»бір халық- бір мемлекет – бір тағдыр» басты бағдарламаның іске асуына үлес қосу. Біз бәріміз бірге қиындықтан төзіп, сәтті және өскелең мемлекет жасай аламыз!
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті еліміздің барша тұрғындарын Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтайды! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке, молшылық, тыныштық тілейді!