Осы атаумен сәуір айының соңғы онкүндігінде Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының ұйымдастыруымен шығармашылық кеш өтті. Ол Қазақстан халқының бірлігі күніне арналды.
Шығармашылық кешке ИС-23-3 (кураторы Г.Б. Абилдаева), ИС-23-2с (кураторы Ю.К. Шакирова), ИС-21-3 (кураторы Н.К. Савченко) топтарының студенттері қатысты. Барлығы 60-қа жуық адам.
Кешке қатысқандардың арасында АЕЖ кафедрасының меңгерушісі, PhD А.А. Калинин; доцент Г.Д. Когай; доцент, т.ғ.к. М.Б. Искаков; доцент, т.ғ.к. Н.И. Томилова болды.
Біздің республикамызда көптеген ұлттар мен діни конфессиялардың өкілдері тұрады. Олардың барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Бірінші мамыр мерекесі, әсіресе ортақ тарихымен, дәстүрлерімен біріккен көпұлтты халқымызға қымбат. Шығармашылық кеште қазақ, орыс, неміс, ағылшын және түрік тілдерінде өлеңдер оқылғаны таңқаларлық емес. Музыкалық нөмірлерсіз де болған жоқ.
Студент Алтыбай Мұратхан домбырамен күй тартса, студент Дәулетқалиқызы Үмгүлсім қобызбен күй орындады. Ал студент Ещанова Томирис түрік тілінде ән шырқады. Кеште достық пен өзара түсіністік атмосферасы орнады.
«Мен өз көңілімде халық менімен, сондай-мұндай қылықтарымен мұғамәла қылса екен деп ойлап тұрып, өзім сол халықтармен мұғамәла қылмағандығым жарамайды ғой деп, сол езі әділет те және нысап та емес пе?», – деген Абай Құнанбаев. Достық пен бірлікке деген осындай ықылас бүкіл шығармашылық кеш бойы сезіліп тұрды. Көпшіліктің пікірінше, бұл кеш ұйымдастырушылардың үміттерін ақтады.