Хишауева Жанат Тулегеновна, экономика ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Кәсіпорын менеджменті» кафедрасының меңгерушісі
1999 ж. «Экономика және тау-кен өнеркәсібіндегі, геологиялық зерттеудегі менеджмент» мамандығы бойынша ҚарМТУ-ды үздік бітірген. Өзінің еңбек жолын 1999 жылы Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасының ассистенті болып бастаған. 2003-2008 жылдар аралығында «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы, 2008-2009 жылдар аралығында доценті және «Экономика және құқық институтының» директорының орынбасары ретінде қызмет атқарған.
2008 ж. 08.00.05 — «Экономика және халық шаруашылығын басқару (салалар мен қызмет сфералары бойынша)» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алуға диссертация қорғады.
ҚарМТУ-да 2009 ж. бастап қызмет етеді. 2009-2015 жылдар аралығында «Кәсіпорын экономикасы» кафедрасының доценті болып жұмыс істеді. 2010-2014 жылдар аралығында ЭМФ деканының оқу ісі бойынша орынбасары болып жұмыс істеді. 2015ж. шілде айында «Кәсіпорын менеджменті» кафедрасының меңгерушісі етіп тағайындалды.
40-тан астам мақаланың, 8 оқу құралының, 3 электрондық оқу құралының авторы.