ҚарМТУ-да өткен «Білім беру бағдарламаларын бағалау» тақырыбындағы республикалық семинардың қорытындысы


2017 жылдың 28-29 қарашасы күні Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті базасында  «Білім беру бағдарламаларын бағалау» тақырыбындағы республикалық семинар өтті.

Семинарға Қарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің бастығы Қ.А. Оспанова  және еліміздің бірнеше аймағынан жалпы саны  35  кәсіпкер мен ұйымдар (сонымен қатар қашықтан да) қатысты. Сондай-ақ мұнда  «Атамекен» ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының агроқұзіреттілік орталығының өкілі де болды.

Семинарда мынадай сұрақтар талқыланды:

  • стейкхолдермен ынтымақтаса отырып, білім беру бағдарламаларын бағалаудағы әлемдік тәжірибелер;
  • дуалды білім берудің шетелдік тәжірибесі;
  • білім беру бағдарламаларының тізілімі (реестр) жұмыс берушілердің жас мамандарды сапалы даярлауға ықпал етуінің басты құралы ретінде;
  • бизнес-инкубаторлардың жұмыс берушілермен ынитымақтастығының рөлі;
  • жұмыс берушілердің  жас маманның құзіреттілігін қалыптастыруға қатысуы;
  • ҚарМТУ –дың Индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ) бойынша білім бағдарламалары және университет ғылымының өндіріспен байланысы;
  • Qs құралдары арқылы жұмыс берушілердің  түлектермен қаншалықты қанағаттанатындығын зерттеу;

Семинар барысында барлық баяндамалар тыңдалды, білім беру бағдарламаларын жобалау сараптамалық бағдарламасы таныстырылды және білім беру бағдарламаларын бағалау бойынша тәжірибеге-бағытталған оқыту өтті.

Семинарға қатысушылардың ұсыныстары:

  1. білім беру бағдарламаларының тізілімі (реестр) жүйесінде жұмыс берушілерден қосымша сұрақ-жауап алу үшін мүмкіндіктер тану;
  2. жаңа кәсіби құзіреттіліктерді қосу үшін білім беру бағдарламаларының тізілімі (реестр)жүйесінде жұмыс берушілерден қосымша сұрақ-жауап алуға мүмкіндіктер тану;
  3. дуалды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін жұмыс берушілерді ынталандыру механизмін анықтау;
  4. студенттердің жалпыкәсіби құзіреттіліктерін дамыту үшін олардың жаратылыстану-ғылыми дайындығының сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілердің пікірін есепке алу;
  5. жұмыс берушінің мақсатты тапсырысы негізінде дуалды білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыру;
  6. ЖОО және кәсіпорындардың ғылымға және біріккен жобаларға қатыстыру, ЖОО саясатын кәсіпорындармен ынтымақатаса отырып, жұмыс жасауға бағыттау;

Бітіруші курстардың студенттерін кәсіпорындарға тарту, магистранттар мен докторанттарды өндірістік жұмыстарға байланысты ғылыми зерттеу жұмыстарына қатыстыру механизмін қарастыру;

Без рубрики