Республикалық пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің студенттер үздік қатысушылардың қатарына енді


2024 жылғы 29-30 сәуірде «Торайғыров университеті» КеАҚ-да «Биотехнология» білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.

Олимпиадаға 8 командадан: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ, АТУ, Шәкәрім атындағы Семей университеті, Әлихан Бөкейханов атындағы Семей университеті, С. Сейфулин атындағы аграрлық университеті, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті және Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінен 24 студент қатысты.

Олимпиадада біздің ЖОО атынан «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының студенттері Адель Тлеубаева, Ақбаян Ақан, Гүлша Мехтиева (БТ-21-2 топтары) қатысты. Олимпиада үш кезеңде өткізілді:

1 теориялық тур: тестілеу;

2 теориялық тур: ситуациялық есептерді шешу;

3 практикалық тур: зертханалық жұмыс.

Олимпиада қорытындысы бойынша біздің қатысушылар жеңіске ең үздік үміткерлердің қатарына енді. Ал Гүлшан Мехтиева жүлделі 3 орынға ие болды.

Осының бәрінде пәндік олимпиаданы өткізу барысында студенттерін дайындаған және сүйемелдеген «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Кулия Мукархановнаның еңбегі зор.

Баршаңызды қол жеткізілген нәтижелермен құттықтаймыз және жаңа табыстар тілейміз!

Без рубрики