Республикалық пәндік олимпиада


2024 жылдың 25-26 сәуір аралығында Қ. И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында 6В07202 «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша «Тау-кен өндірісі негіздері», «Тау жыныстары физикасы», «Тау-кен жұмыстары технологиясы» пәндері бойынша жоғары оқу орындарының студенттері арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. «Тау-кен инженериясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын еліміздің 8 жоғары оқу орындары мен институттарының үздік студенттері олимпиадаға тау-кен өндіру саласындағы кәсіби білімдерін көрсету үшін келді.

Бұл олимпиадада А. Сағыновтың атындағы Қарағанды техникалық университетінен ГД-21-5 тобының студенттері Кеженов Бекхан Маратұлы және Хасенов Кәрім Жанатұлы, ПҚКӨ кафедрасының доцентінің м.а. Зейтинова Шолпан Бекжигитовна қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша студент Хасенов Кәрім жүлделі 2 орынға ие болып, дипломмен және жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ студент Кеженов Б. М. қатысқаны үшін сертификатпен және Зейтинова Ш.Б. алғыс хатпен марапатталды.

Без рубрики