Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, тарих факультетінің 85-жылдығына арналған ІХ Республикалық «Қазақстан – менің Отаным» студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды университетінің студенттері Жакубекова Дилара, АиУ-23-3 тобы (ғылыми жетекшісі – Даниярова А.Е., «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарих ғылымдарының кандидаты, доцент); СТ-23-1 тобы Узбаева Дильназ мен Махмет Зарина, Мет-23-1 тобынан Ынтымаков Нұрдос, (ғылыми жетекшісі – Темиржанова Ш.М. «Қазақстан тарихы» кафедрасының г.ғ.м., аға оқытушы) қатысты.
Пленарлық отырыста «Значение трехъязычия в развитии современного Казахстана» атты баяндамасымен сөз алған Жакубекова Дилара Басқарма төрағасы –академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Н.О. Дулатбековтың атынан бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. 4 секцияда Узбаева Дильназ «М. Дулатов: Оян қазақ» тақырыбында баяндама жасап, Басқарма төрағасы –академик Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетінің ректоры Н.О. Дулатбековтың атынан II дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жас зерттеушілерге жаңа ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!