Іс-шара мемлекеттік рәміздердің 25-жылдығына арналған болатын.
Мақсаты: халық арасында, ең алдымен жастар арасында Жұмекен Нәжімеденовтың әдеби мұрасын, өскелең ұрпаққа гуманизмнің құндылықтарын, патриоттық сезімді, ақын, жазушының шығармашылықтары арқылы ұлттық рухты насихаттау.
Байқауға Қазақтан аумағының әр жерінен 16 талантты жастар қатысты.
Жартылайфиналға жеті байқауға қатысушылар өтті. Байқау барысында аса назар тек қана кәсіби деңгейде мәнерлеп оқылғанға ғана аударылып қойған жоқ сондай-ақ, дауыс ырғағына, тіл тазалығына, мәтін оқуды таңдай білу және де үлкен сахнада өзін ұстай білу болды.
Байқаудың қортындысы бойынша ҚарМТУ студенті Әмірғазы Еламан (ЭАТФ, ТЭ-14-2 тробының студенті) 3-ші орынды иеленді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар табысталды.