Республика күні


18.10. 2023 жылы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында БТ-21-2 тобының студенттеріне ұлттық мереке – Республика күніне арналған «Қазақстанға саяхат» атты іс–  шара өткізді.

Шараның мақсаты – жастар арасында ұлттық мерекелердің маңыздылығын насихаттау.

Іс-шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды.

Әнұранның соңында БТ-21-2 тобының кураторы С. Н. Дербуш өз сөзінде Тәуелсіз Қазақстанда Республика күнінің тарихына тоқталып, бүгін БТ-21-2 тобының студенттері Қазақстанның әр аймағын мақтан ететіні, еліміздің тарихы, мәдениеті және қазіргі жетістіктері туралы айтып өтті.

Шараға БТ-20-1, БТ-21-1, БТ-22-1 топ студенттері, химия және химиялық технологиялар кафедрасының аға кураторы М.Е.Жақсыбаева, аға оқытушы Ибрайбеков Ж.Г. қатысты.

Без рубрики