РЕСПУБЛИКА ДАРЫНЫ-2024


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам — адал еңбек — адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген «РЕСПУБЛИКА ДАРЫНЫ» атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Инновациялық технологиялар колледжінің КАУ-9/24-1 тобының дарынды студенттері

🧑🏻‍🎓МҰХАМЕТЖАН ЕРСҰЛТАН ДАНИЯРҰЛЫ мен

🧑🏻‍🎓МҰХАМЕТЖАН ЕРСАЙЫН ДАНИЯРҰЛЫ

2 қарашада Елордамыз Астана қаласында өткен байқау жеңімпаздарының марапаттау рәсіміне қатысып қайтты.

Жаңа Қазақстанның озат жастарына таудай белесті еңсеруге, жетістікке жету жолында жас ұрпаққа оң жол сілтеп, байқауда жетекшілік еткен ұстаздарымыз Смагулова Нурбиби Абсадыковна, Саламатова Ақниет Ерболатқызы ерен еңбек сіңіріп, 1 дәрежелі ДИПЛОМ қағаздарымен марапатталды.

Жеңімпаз студенттерімізге алда қажымас қайрат, таудай талап, таймас табандылық тілейміз! Бағындырған бұл белестеріңіз өмір тарихтарыңыздағы ең алғашқы баспалдақ боларына кәміл сенімдіміз! Ұстаздарымыздың қаламдары ұштала берсін! Жеңістеріңіз құтты болсын!

Без рубрики