3 мамыр күні «Olympia» мейманхана кешенінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 60-жылдығына орайластырылған «РЕКТОР БАЛЫ» өтті.
Іс-шарада қатаң дресс-код болды: жігіттер қара костюмде, қыздар ұзын ақ көйлектерде болды.
Мереке бағдарламасы Вена опера балының классикалық қағидаларына байланысты құрылды, ал басты бөлігі мен бал әшекейі Университеттің студенттері болды. Іс-шараға 60 студент қатысты – бұл ерекше сан ҚарМТУ-ның мерейтойлық күніне арналған. Кешті полонез ашты, кейін бағдарлама бойынша алтын вальс болды. Іс-шара ұйымдастырушысы «Жас Орда» студенттер мен магистранттар кәсіби одағы болды. Осылай олар ЖОО-ның 60-жылдығының тойлауға шешті.
Бұрын Қарағандыда осындай шаралар өткізілмеген. Бал қатысушылары вальс билеп, салтанатты күй келтірді. Сонымен қатар студенттер хореографиялық, музыкалық нөмірлермен сахнаға шықты.
Бұл іс-шараның мақсаты студенттердің эстетикалық мәдени бос уақытын ұйымдастыру, зиялы этикетты насихаттау және студенттердің әлеуметтік белсенділігін ынталандыру.
ҚарМТУ студенттері осы бағытта бірінші қадам жасады – осындай мерекелерді әр жыл сайын өткізу үшін Университет пен кәсіби одақтың қорларын ұйымдастыру жоспарлануда.
«Бүгінгі таңда жастар техникалық білім игерумен қатар осындай іс-шаралардың негіздерін де иелену керек. Бүгін – бұл жастар, ертен олар өндіріске барады. Олар жан-жақты дамыған болу керек», — деді ҚарМТУ ректоры А.М.Ғазалиев.