Өмірбаян
Ғазалиев Арстан Мәуленұлы – химия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі (1994), Нью-Йорк Ғылымдар академиясының толық мүшесі (1995), ҚР «Экология» Ғылым академиясының академигі, білім, ғылым және техника салаларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2003), ақпараттандыру, ақпараттық процестер мен технологиялар ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі (2006), ҚазҰЖҒА академигі (2009), РФ Тау-кен ғылымдары академиясының академигі (2011), ҚР Ұлттық инженерлер акдемиясының ҚФ төрағасы (2012), Қарағанды қалалық сайлау комиссиясының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, Қарағанды облысы прокуратурасы жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің мүшесі.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік университетінің органикалық химия кафедрасында оқытушысы болып бастаған. Кейін Қарағанды кооперативтік институтының доценті мен докторанты болып жұмыс істеп, жас мамандарды дайындау ісіне салмақты үлес қосты. Ғылыми хатшы, зертхана меңгерушісі, ҚазКСР ҒА Органикалық синтез бен көмір химиясы институтының ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары, ҚР ҰҒА Орталық Қазақстан бөлімінің академик-хатшысының орынбасары болып еңбек еткен.
Қарағандыда А.М. Ғазалиев өндірістік қол жетімді алколоидтар мен азот заттарын нанотехнология әдістерімен түрлендіру саласында ғылыми мектеп құрған. 2000 астам синтезделген жаңа органикалық байланыстар ішінен ісікке қарсы, гепатопротекторлық, гипертензивтік, туберкулезге қарсы, ноотропты және т.б. биоактивтілік түрлеріне ие тиімділгі жоғары заттар анықталған. Бірқатар жаңа байланыстар тереңдетілген, клиника алды және клиникалық зерттеулерге («Цитафат», «Ацеморфим», «Антилишай», «Анатиоф» и «Эфифат», «Амикоскин») ұсынылды. Қазақстан Республикасында алғаш рет органикалық синтездегі микротолқынды жандандыру әдісі әзірленіп, пайдаланылды.
1996-2006 жж. Қазақстан-Ресей университетінің және Қарағанды мемлекеттік университетінің бірінші проректоры, 2006-2008 жж. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры болып жұмыс атқарды. Оның жетекшілігімен ШҚМУ Қазақстан ЖОО рейтингінде 17 орыннан 4-ші орынға көтерілді.
А.М.Ғазалиев 2008 жылдың ақпанынан бастап еліміздегі техникалық білім флагманы – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде ойдағыдай басшылық етіп жүр. ЖОО оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарын қоса алғанда, барлық басым бағыттар бойынша қарқынды дамуда.
А.М.Ғазалиев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті өнегесіндегі бірегей Патриоттық тәрбие беру моделінің авторы және ғылыми жетекшісі, виртуальдық оқу зертханаларын құру бойынша «Синергия» (Қазақстан, Австрия, Ресей, Украина) халықаралық жобасының бірлескен жетекшісі болып табылады.
А.М. Ғазалиев 2001- 2003 жылдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанында ғылым, техника және білім беру салаларында ҚР Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі Комиссияның мүшесі болды. Органикалық байланыстар электрохимиясының РҒА Ғылыми Кеңесінің (Мәскеу) мүшесі. 2000 және 2006, 2008-2010 жж. ғылым мен техниканың дамуына көрнекті үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері. ТМД-ның қатысушы-мемлекеттерінің білім саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі Кеңестің Қашықтықтан оқыту Коммисиясының мүшесі болып табылады. Қазақстан-Ресей университетінің және Қазақстандағы қашықтықтан оқыту технологияларының құрылуы мен дамуына айтарлықтай үлес қосты.
А.М.Ғазалиевтің көп жылдық шығармашылық қызметінің нәтижесі 700 ғылыми еңбекте, оның ішінде 16 монография, 5 кітап, 9 оқулық және 39 авторлық куәлік пен патенттерде көрініс тапқан.
ҚР ҰҒА академигі А.М.Ғазалиев жас кадрларды даярлауға көп уақыты пен күшін жұмсайды. Оның көптеген оқушылары республиканың түпкір-түпкірінде жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен 12 ғылым докторы, 46 ғылым кандидаты дайындалды. Олардың ішінде Мемлекеттік сыйлықтың, Тұңғыш Президент Қоры сыйлығының және ТМД елдерінің жас ғылымдарға арналған «Содружество дебютов» халықаралық сыйлығының лауреаттары бар.
А.М. Ғазалиев «Құрмет» орденімен (2009), ҚР білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен (1999), ҚР Президентінің Құрмет Грамотасымен (2004), ҚР ҰҒА Президентінің құрмет грамотасымен (2011), «Нұр Отан» ХДП құрмет грамотасымен (2011), «Қазақстан Республикасының білім үздігі» (2000), «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуындағы еңбегі үшін» (2001), «ҚР білімінің құрметті қызметкері» (2003) төс белгілерімен марапатталды. Ы.Алтынсарин атындағы төс белгісі (2007), ҚарМТУ-дың «Ерен еңбегі үшін» төс белгісі (2013), РҒА-ның «Ғылыми әріптестікке қосқан үлесі үшін» алтын медалі (2001), «ҚР Тәуелсіздігінің он жылдығы» (2001) және «ҚР Конституциясының он жылдығы» (2005) мерейтойлық медальдары, «Көмір өнеркәсібінің ардақты жұмыскері» (2010) төс белгісі бар. 2010 жылы академик А. Скочинский атындағы тау-кен ісі саласындағы Халықаралық премияның иегері, «ІІІ дәрежелі шахтер даңқы» (2013) төс белгісімен марапатталған.
Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі А.М.Ғазалиевтің толық өмірбаяны.