2021 жылдың 16 қыркүйегінде Қарағанды техникалық университетінің орыс тілі және мәдениеті кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚР Тілдер күніне арналған «Тіл – халық қазынасы» атты тәрбиелік іс-шара өткізеді.
Ұйымдастырушылар: Орыс тілі және мәдениеті кафедрасы меңгерушісі Б.Р. Оспанова, жауапты оқытушы А.В. Тен.
Қатысу түрі – бетпе-бет.
Іс-шараның мақсатты аудиториясы: 1-3 курс студенттері.
Қамтылуы: 100 адам.
Іс-шара мақсаты:
- көптілді білім беруді жүзеге асыру;
- халықтардың мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмге тәрбиелеу; Қазақстанның көпұлтты халқының тұтастығын сақтау;
- өз халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен және ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
ҚР Тілдер күніне арналған «Тіл – халық қазынасы» атты тәрбиелік іс-шара мемлекеттік тілінде оқитын 1-3 курс студенттері арасында өтеді. Тілдер фестивалі ҚР үштілді білім беруді жүзеге асыру аясында өткізіледі және студенттердің кез-келген тілдік ортаға бейімделу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, аталған іс-шара көпұлтты Қазақстанның мәдени мұрасын таныстыру және зерделеу арқылы тілдік, коммуникативтік, ақпараттық құзыреттілікті жетілдіру үшін жағдай жасауға арналған «Туған жер» арнайы жобасының тұжырымдамалық қағидатын сақтауға бағытталған.
- Іс-шара үйлестірушісі: Тен А.В.
- Байланыс телефоны: +7701-369-5940
- Эл. пошта: acsanaten@mail.ru