ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды


Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялайды.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Сыйлыққа халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ қызметі инновациялық болып табылатын және тиісті сала мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі азаматтары үміткер бола алады.

Үміткерлердің құжаттары 2022 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінде (қағаз нұсқасы) келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты (14-кіреберіс), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 (8-701-170-46-54) және (электрондық нұсқасы) premiya.daryn@gmail.com эл. поштасы арқылы қабылданады.

 

Без рубрики