Инженерлік педагогика орталығы ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ ҚБАРИ) – «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы негізінде ҚР ЖОО-ның педагогикалық мамандықтардың оқытушыларының біліктілігін арттыру Бағдарламасына жетекшілік етеді.
Осы бағдарлама шеңберінде 2014 жылы ҚР БжҒМ қаржы есебінен, «Кәсіптік білім» және «Алғашқы әскери дайындық» мамандықтары бойынша студенттерге сабақ беретін университеттің 13 оқытушысы біліктілігін арттырды.
Бағдарлама модульдерді меңгеруге бағытталды:
- Үздіксіз білім беру жүйесінің заманауи тәсілдері: білікті тәсіл, нақты қорытындыға бағытталған оқыту;
- Өздігінен даму, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі таныту технологиялары; өздігінен жұмысты орындауда, жеке және топпен жобаларды даярлау технологияларында құрастыру-ұйымдастыру ыңғайы;
- Білім беруде нәтижені бағалаудың жүйелері: критериалды және суммативті бағалаудың негіздері; білімді бағалаудың жинақтау жүйесі;
- Оқытуда және сабақ берудегі заманауи цифрлық технологиялар: E-learning технологиялары, электрондық оқу материалдарын даярлау, мультимедиа технологиялары, U–learning және SMART- learning технологиялары.