Психологпен кездесу


2023 жылдың 5 қазан күні «Студенттер үйі» жатақханасында тұрып жатқан қыздармен психолог Набихан Бота кездесу өткізді. Кездесуде қазіргі кезде орын алып жатқан үлкен мәселе, атап айтқанда, студенттер арасындағы келіспеушілік, оқытушы мен студент арасындағы түсінбеушілік, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, қыздар арасындағы бөлмеішілік конфликт және оны шешу жолдары туралы айтылды. Қыздар да өздерін мазалап жүрген ойларын айтып, психологтан бағыт-бағдар ала алды. Кездесу соңында қыздар мен психолог ай сайын кездесіп тұру туралы шешім қабылдады.

Без рубрики