Шығармашылық конкурстардың жеңімпаз студенттермен тікелей эфир


ҚарТУ Басқарма Төрағасы – Ректор М.К. Ибатов вокалдық және хореографиялық ұжымдар құрамында белсенді айналысатын шығармашылық конкурстардың жеңімпаз студенттермен  тікелей эфирін ZOOM платформасында өткізді (қамтылуы – 72 адам).

Кездесу барысында қатысушыларды біздің қоғамның бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді, өнер мен мәдениет салаларын дамытуды, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына үлес қосқан көрнекті тұлғалардың мұрасын танымал етуді жақтайтын бағдарламамен таныстырды.

Қарағанды техникалық университеті қоғамдық-саяси қайраткер, қазақтың тұңғыш математика профессоры Әлімхан Ермековтың туғанына 130 жыл толуына орай бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр: халықаралық конференция, республикалық студенттік математикалық олимпиада, ҚарТУ Жоғары математика кафедрасында және Ә.Ермеков жоғары білім алған Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінде атаулы аудитория ашу.

Университетте студент жастардың шығармашылық әлеуетін ашу үшін барлық жағдай жасалған – «Жастар Әлемі» Жастар сарайының базасында 14 шығармашылық үйірме, дебат клубтары, «Көркем» қыздар клубы, КТК, ВИА, халық және қазіргі заманғы би ансамбльдері жұмыс істейді. Кездесу барысында өзін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзі үшін студенттердің қызықты ұсыныстарын атап өтті.

Без рубрики