Қарағанды техникалық университетіне, «НТМ» кафедрасына Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінен (Ресей) шетелдік ғалым ф.-м.ғ. д., доцент Окишев Константин Юрьевич ҚР БҒМ-нен оқытушылық қызметке шетелдік мамандарды тарту бағдарламасына сәйкес келді. Осы бағдарлама аясында шетелдік ғалым студенттерге, магистранттар мен докторанттарға консультациялар, дәріс және семинар сабақтарын, сондай-ақ біздің кафедраның профессор-оқытушылар құрамы үшін мастер-класстар мен тренингтер өткізді.
Шетелдік ғалым доцент ф.-м. ғ. д. Окишев Константин Юрьевич кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен және докторанттарымен кездесу
Шетелдік ғалымдармен кеңес:
докторлық диссертацияны талқылау процесі
НТМ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына арналған «Қорытпалардың фазалық түрленуі және беріктігі» тақырыбында мастер-класс өткізу сәті
3-курс студенттеріне Мет-19-3 тобына арналған семинар өткізу үрдісі
Видеолекцияның онлайн жазбасы