Гран-При АНК


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында ҚР Президенті жанындағы  Мемлекеттік басқару академиясы мен Қазақстан Ассамблеясы ғылыми-сараптау ұйымы жас ғалымдар арасында халықтар достығы мен қоғамдық келісімнің Қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жұмыстарға байқау жариялады.

Байқаудың мақсаты: отандық жас ғалымдардың ғылыми-сараптамалық этносаяси және этноәлеуметтік жұмыстарын жетілдіру.

Сайыстың міндеті: жастардың ғылымға қызығушылығын арттыру. Талантты жас ғалымдарды анықтап, оларға қолдау көрсету; жас ғалымдардың патриоттық сезімін, қоғамдық әлеуметтік жауапкершілігін арттыру; жас ғалымдарды еліміздегі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарды зерттеуге жұмылдыру.

Сайыс төрт бағыт бойынша өткізілді:

1) Қазақстан халықтары Ассамблеясы – бейбітшілік пен қоғамдық келісім институты;

2) Қазақ хандығы: мемлекеттілік тарихы және саяси-экономикалық негіздер;

3) «Мәңгілік ел» идеясы – жаңа Қазақстанның тұғыры;

4) Қазақстан әлемдік кеңістікте бейбітшілік пен келісімді дамыту жолында.

Байқауға елімідің барлық облыстарынан үміткерлер қатысқанымен, ақтық сынға тек Түркістан, Орал, Қызылорда, Қарағанды қалаларынан келіп түскен төрт жұмыс қана жолдама алды.

Қарағанды қаласынан байқауға Қарағанды мемлекеттік техникалық  университеті жанындағы Патриоттық тәрбие беру ғылыми-зерттеу институтының директоры, экономика магистрі Динара Ермекқызы Жақыпова «Техникалық жоғары оқу орны студенттеріне жаңа қазақстандық патриоттық тәрбие беру» тақырыбындағы жобасымен, байқаудың үшінші бағыты бойынша қатысқан болатын. Ол байқауға ҚарМТУ-да 2009 жылы патриоттық тәрбие үлгісі ретінде Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үлгі етіп алынған патриоттық тәрбие Моделін ұсынды. Патриоттық тәрбие беру ісін жетілдіре түсу мақсатында 2014 жылдың мамыр айында бұл жоба «Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» Моделі болып қайта жасалды. Оған 7 қисынды кезеңнен тұратын ұлтқа ортақ «Мәңгілік Ел» құндылықтары негіз болған және олардың әрқайсысының өзіндік мақсаты мен мазмұны бар. 2010 жылдың қазан айында өткен республикалық семинар-кеңестің қорытындылары бойынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі осы Модельді еліміздің білім беру мекемелерінде енгізу туралы ұсыныс білдірді.

2016 жылдың 26 қазанында Астана қаласында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында байқаудың соңғы кезеңіне кезек беріліп, ақтық сынға өткен үміткерлер өз жобаларын қорғады. Нәтижесінде, байқаудың ең жоғары сыйлығы − Гран-при жүлдесіне Динара Ермекқызы Жақыпова ие болды.

 

Без рубрики