Пресс – релиз


2024 жылдың 13-14 маусымында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде «XVI Сағынов оқулары. Білім, ғылым және өндіріс интеграциясы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Конференция ғалымдар, оқытушылар және өнеркәсіп өкілдері арасында білім мен тәжірибе алмасудың бірегей алаңын ұсынады. Осы конференция аясында пленарлық отырыс және секциялық отырыстар өткізу жоспарлануда.

Конференция жұмысына ҚР ғылым және жоғары білім, Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері, өңірдің жетекші ұйымдарының басшылары, жақын және алыс шетелдердің ғалымдары қатысады.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Түркия, Әзірбайжан, Малайзия және КУ ұйымдарынан 750-ден жуық баяндамалар келіп түсті.

Пленарлық отырыс 2 пікірталас алаңы түрінде өткізіледі: «Ғылым мен білім синергиясы: жоғары білім мен тұрақты дамудың жаңа көкжиектері» және «Өнеркәсіптегі инновациялар: заманауи талаптар мен перспективалар».

Секциялық отырыстар 13 бағыт бойынша ұйымдастырылған:

  1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыруындағы    стратегиялық бағыттары
  2. ХХІ ғасыр білімі
  3. Энергетика және энергия үнемдеу
  4. Автоматтандыру. Робот техникасы
  5. Электроника және телекоммуникациялар
  6. IT- және SMART технологиялары
  7. Геотехнологияның өзекті мәселелері
  8. Геология және жер қойнауын игеру
  9. Металлургия және материалтану саласындағы инновациялық технологиялар
  10. Машина жасаудың даму болашағы
  11. Сәулет және құрылыс
  12. Көлік және логистика
  13. Химия. Биотехнология

Бағыттардың көп бейінділігі техникалық мамандықтардың кең спектрін ұсынатын университеттің ерекшелігімен байланысты, ал мамандарды даярлау бакалавриат, магистратура және PhD докторантураның өзекті білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта Университет QS World University Rankings-тің ең беделді әлемдік рейтингтерінің бірінде 801+ орын алады.

Конференцияны Басқарма төрағасы — Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры, Экономика ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі — Сағынтаева С.С. ашады.

Без рубрики