Жастар саясаты департаменті
- Жалпы ережелер
1.1 «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) жатақханаларындағы осы ішкі тәртіп Ережелері студенттік жатақханаларда тұратын барлық білім алушылар, Университеттің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері орындауы міндетті жергілікті нормативтік акт болып табылады.
1.2 Қаладан тыс білім алушыларды (студенттерді, магистранттарды, докторанттарды, тыңдаушыларды) Университет жатақханасына орналастыру «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш бойынша жүргізіледі.
1.3 Жатақханаға орналасу кезінде білім алушы мен университет арасында жатақханада тұру туралы шарт 2 данада жасалады, оның 1 данасы жатақхана әкімшісінде, 1 данасы білім алушыда сақталады).
1.4 Тұрушылардың жатақханаға кіруі кілт-карта бойынша және бекітілген нысандағы қағаз рұқсатнамалар бойынша жүзеге асырылады.
- Жатақханаларда тұратындардың құқықтары мен міндеттері
2.1 Жатақханаларда тұратындардың мынадай құқытары бар:
2.1.1 Күндізгі уақытта оқу, мәдени-тұрмыстық және спорттық-сауықтыру мақсаттағы үй-жайларды, жатақхананың жабдықтары мен мүкәммалын еркін пайдалануға.
2.1.2 Студенттік кеңестің өтініші және әкімшіліктің рұқсаты бойынша түнгі уақытта жатақхананың оқу, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы үй-жайларын, жабдықтары мен мүкәммалын пайдалануға.
2.1.3 Жатақхана әкімшілігіне электрмен, жылумен және сумен жабдықтау жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі, тұрғынның кінәсінсіз бұзылған жарамсыз болып қалған жиһаздарды, мүкәммалды және басқа да мүліктерді уақтылы жөндеу және ауыстыру талаптарымен жүгінуге.
2.1.4 Жатақхананың өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға, олардың жұмысына қатысуға.
2.1.5 Студенттік кеңес арқылы тұрғын үй-тұрмыстық қамтамасыз етуді жақсарту, тәрбие жұмысы мен бос уақытты ұйымдастыру, өз бетінше жұмыс істеу үшін тұрғын үй-жайлар мен оқу бөлмелерін жабдықтау және безендіру мәселелерін шешуге қатысуға.
2.2 Жатақханаға орналасу кезінде:
2.2.1 Жеке куәлікті көрсету.
2.2.2 Санитарлық бақылаудан өткені туралы анықтама ұсыну (педикулезге және қышымаға тексеру).
2.2.3 Жатақхана әкімшілігіне жатақханада тұру үшін төленгені туралы түбіртекті және оның факультет деканатына көшірмесін көрсету (оқу семестрінің басталуына дейін жылына екі рет — күзгі семестрде 1—қыркүйекке дейін: қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан және қаңтар айлары үшін, көктемгі семестрде 1—ақпанға дейін: ақпан, наурыз,сәуір, мамыр, маусым үшін.
Ерекше жағдайларда, қажет болса, жазғы кезеңде – шілде, тамыз). Университетке байланысты емес себептер бойынша жатақханада уақытша тұрмаған жағдайда, тұратын адам тұру үшін ақы төлеуден босатылмайды.
2.2.4 Осы ішкі тәртіп Ережелерімен қол қою арқылы таныстырылу.
2.2.5 Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтан ҚТ жөніндегі инженердің қол қоюы арқылы танысудан өту.
2.2.6 10 күнтізбелік күн ішінде уақытша тіркеу рәсімінен өту.
2.2.7 Жатақханада тұруға электрондық бағытта көрсетілген мерзімде қоныстану қажет.
2.3. Жатақханаларда тұратындар міндетті:
2.3.1 Жарғыны, осы Ережелерді, Университеттің өзге де жергілікті актілерін, қауіпсіздік техникасы қағидаларын, сондай-ақ жатақханада тұру туралы шарттың талаптарын сақтауға.
2.3.2 Жатақхананың үй-жайларына, жабдықтарына және мүкәммалына ұқыпты қарауға, ҚР заңнамасына сәйкес оған жеке пайдалануға берілген мүлік үшін материалдық жауаптылықта болуға.
2.3.3 Бүлінген мүкәммал мен жабдықтың, жалпы пайдаланымдағы үй-жайларды жөндеудің құнын өтеуге, сондай-ақ Университетке келтірілген өзге де залалды өтеуге.
2.3.4 Оқу жылы аяқталғаннан кейін жатақханадан шығарылғанға дейін 3 күн бұрын тұрғын бөлменің тиісті сыртқы түрін қамтамасыз етуге. Қажет болса, өз бетінше және өз есебінен косметикалық жөндеу жүргізуге.
2.3.5 Тұрғын үй-жайға Университет әкімшілігінің өкілдерін, студенттік кеңестердің мүшелерін, жатақхана қызметкерлерін тұрғын үй-жайдың техникалық жай-күйін, ондағы санитарлық-техникалық және өзге де жабдықтарды қарау үшін жіберуге. Тексеру тұрғындардың қатысуымен жүргізіледі.
Дератизация және дезинсекция жүргізу кезінде, сондай-ақ аварияны жою мақсатында жүйелер мен жабдықтарды шұғыл жөндеуді немесе қарап-тексеруді жүзеге асыру қажет болған кезде жатақхана қызметкерлерінің тиісті акт жасай отырып, комиссия құрамында тұратындар болмаған кезде бөлмелерге кіруге құқығы бар. Ерекше жағдайларда (ТЖ, өрт, авариялық жағдайлар, террористік қауіп және т. б.) қызметкерлер жатақханалардың барлық үй-жайларына тәуліктің кез келген уақытында, үй-жайларда тұратындардың болуына/болмауына қарамастан қол жеткізуге құқылы.
2.3.6 Тұрғын үй-жайдың, ондағы жабдықтардың немесе коммуникациялардың ақаулары анықталған кезде оларды жою үшін дереу шаралар қабылдау және олар туралы жатақхана әкімшілігіне міндетті түрде хабарлауға.
2.3.7 Тұрғын үй-жайдың тиісті санитарлық-техникалық жай-күйін сақтауға, белгіленген кестеге сәйкес тұру бөлмелері мен жалпы пайдалану орындарында ылғалды тазалауды жүзеге асыруға. Тазалау кестесін еден старосталары студенттік кеңес төрағасының басшылығымен жасайды және жатақхана әкімшілігімен келісіледі.
2.3.8 Санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға, оның ішінде ластануына қарай, бірақ кемінде 10 күнде бір рет төсек-орындарды (көрпе жамылғысы, жайма және жастық қап) ауыстыруға.
2.3.9 Электр қуаты мен суды үнемді пайдалануға.
2.3.10 Өрт қауіпсіздігі ережелерін және тұрмыстық электр құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды білу және қатаң сақтауға.
2.3.11 Жатақханаларға қыс мезгілінде сағат 22:00-ден кешікпей (01 қазаннан 31 наурызға дейін), қалған уақытта сағат 23:00-ден кешікпей кіруге.
2.3.12 Ата-аналары мен туыстары келген кезде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуге. Келуге күндізгі уақытта сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін рұқсат етіледі.
2.3.13 Түнгі уақытта сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін тыныштықты сақтауға (Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес).
2.3.14 Жатақхана әкімшілігіне жатақханада түнгі уақытта немесе 1 тәуліктен астам мерзімге болмауы туралы ескертуге.
2.3.15 Жатақханалардағы ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдануға өтініш беруге құқығы бар Университет әкімшілігінің, студенттік кеңес мүшелерінің және жатақхана әкімшілігінің тапсырмаларын орындауға.
2.3.16 Жатақханаларда өткізілетін жиналыстарға қатысуға.
2.3.17 Хабарландыру тақтасындағы күнделікті ақпаратты қарауға.
2.3.18 Жатақханалардың вахтасына оқу және мәдени-тұрмыстық үй-жайлардың кілттерін уақтылы тапсыруға.
2.3.19 Жатақханада тұру туралы Шартқа сәйкес көшіру кезінде, оның ішінде каникул кезеңінде бөлмелер мен олард бардеп саналатын төсек-орын жабдықтарын тапсыруға.
2.3.20 Басқа тұрғындардың денсаулығына қауіп төндіретін аурулар анықталған жағдайда медициналық пунктке баруға және жатақхана әкімшілігіне хабарлауға.
2.3.21 Жеке заттардың сақталуын өз бетінше қамтамасыз етуге. Университет әкімшілігі тұрғындардың жеке заттарының сақталуына жауапты емес.
2.3.22 Қажет болған жағдайда жатақхана әкімшілігіне кілттерінің қосалқы жиынтығын 2 күн ішінде қайтара отырып, бөлме мен блоктың кілттерінің телнұсқаларын дайындау.
2.3.23 Жатақханалардағы орындарды ұтымды пайдалану мақсатында, сондай-ақ жабдықтарды жөндеу немесе ауыстыру қажет болған кезде басқа бөлмеге немесе жатақханаға көшуге.
2.4 Жатақханаларда тұратындарға тыйым салынады:
2.4.1 Өз рұқсатнамасын бөгде адамдарға беруге және оларды түнеуге қалдыруға.
2.4.2 Алкогольдік ішімдіктерді ішуге және / немесе алкогольдік, есірткілік немесе өзге де уытты мас күйінде пайда болуға.
2.4.3 Есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға (дәрігердің тағайындауынсыз) немесе басқа да мас ететін заттарды тұтынуға, сондай-ақ есірткі немесе психотроптық заттарды сақтауға, таратуға.
2.4.4 Тұрғын үй-жайларда және жатақхана аумағында қаруды, оның ішінде пневматикалық, травматикалық және суық, жарылғыш, химиялық қауіпті заттарды алып жүруге, сақтауға және/немесе пайдалануға.
2.4.5 «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңмен тыйым салынған діни сипаттағы жиналыстар мен іс-шараларды өткізуге.
2.4.6 Тұрғын үй-жайларда және жалпы пайдалану орындарында темекі шегуге (оның ішінде кальян және электрондық темекі).
2.4.7 Өз еркімен қоныстануға және бір бөлмеден екінші бөлмеге көшуге.
2.4.8 Мүкәммәлді бір бөлмеден екінші бөлмеге өз еркімен тасымалдауға.
2.4.9 Электр сымдарын қайта өңдеуге және түзеуге.
2.4.10 Тұрғын бөлмелерде және жалпы пайдалану орындарында қосымша электр жылыту аспаптарын орнатуға.
2.4.11 Дыбыс деңгейі бөлме ішіндегі есту қабілетінен асатын радиоқабылдағыштарды, магнитофондарды, теледидарларды қосуға.
2.4.12 Осы мақсат үшін арнайы бөлінген орындардан басқа, тұрғын бөлмелердің есіктеріне және жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға — хабарландырулар, кестелер, суреттердің репродукцияларын және т.б. жапсыруға.
2.4.13 Тұрғын бөлмелердің есіктерін өз еркімен орнатуға немесе есіктердегі құлыптарды ауыстыруға.
2.4.14 Жиһазды өз бетінше бөлшектеуге және арақабырғалар орнатуға.
2.4.15 Жануарларды ұстауға.
2.4.16 Жиналыстарды, дискотекаларды және басқа да бұқаралық іс-шараларды өз бетінше ұйымдастыруға.
2.4.17 Терезелерден қоқыс пен басқа заттарды тастауға.
2.4.18 Төбеге шығуға, шатырға көтерілуге, терезе алды тақтайына тұруға және отыруға.
2.4.19 Түнгі уақытта сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін тамақ дайындауға арналған тұрмыстық үй-жайларды пайдалануға.
2.4.20 Сағат 23:00-ден кейін басқа бөлмеде болуға.
2.4.21 Тұрғын үй-жайды мақсатсыз пайдалануға.
2.4.22 Жатақхана аумағында кез келген коммерциялық қызметті жүзеге асыруға.
2.4.23 Бірге тұруға мүмкіндік бермейтін бөлмеде және/немесе блокта бірге тұратындардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға.
2.4.24 Құмар ойындарға қатысуға.
2.4.25 Балағат сөздерді қолдануға.
- Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
3.1 Осы ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін Университет белгілеген тәртіппен жатақханаларда тұратындарға қоғамдық, әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылуы, ҚР заңнамасына және университеттің жергілікті актілеріне сәйкес тәртіптік және өзге де жаза түрлері қолданылуы мүмкін.
3.2 Жатақханаларда тұратындардың осы ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін оларға мынадай тәртіптік жазалар қолданылады:
3.2.1 Ескерту.
3.2.2 Сөгіс.
3.2.3 Қатаң сөгіс.
3.2.4 Жатақханадан шығару.
3.2.5 Университеттен шығару.
3.3 Бұзушылардың аты-жөнін, бұзушылықтың түрін және оларға қолданылған тәртіптік жаза шараларын көрсете отырып, тұрғындардың ішкі тәртіп ережелерін бұзу фактілері туралы ақпарат жатақханалардың ақпараттық стендтерінде орналастырылады.
3.4 Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған кезде тікелей, бірақ ол анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады (ауру уақытын немесе білім алушының демалыста болған уақытын есептемегенде).
3.5 Университет жатақханасынан шығару тәртіптік жаза ретінде басқарма мүшесі – тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың өкімімен факультет кеңесінің және/немесе Әдеп жөніндегі Кеңестің шешімі негізінде қолданылады.
3.6 Университет жатақханасынан ішкі тәртіп Ережелерін бұзғаны үшін шығарылған білім алушы қайта қоныстану мүмкіндігінен, оның ішінде бұрын тұрмаған басқа жатақханаларға да орналасу мүмкіндігінен айырылады.
- Жатақханадан шығару тәртібі
4.1 Тұрғындар келесі жағдайларда шығарылуы мүмкін:
4.1.1 Тұрғынның өз қалауы бойынша.
4.1.2 Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін білім алушыны Университеттен шығару кезінде.
4.1.3 Жарғыны, жатақханалардағы ішкі тәртіп Ережелерін, Университеттің басқа да жергілікті актілерін, жатақханада тұру туралы Шарттың талаптарын бір рет немесе жүйелі түрде бұзған жағдайда.
4.1.4 Жатақхана әкімшілігінің ескертуінсіз жатақханада 1 айдан артық тұрмаған жағдайда.
4.1.5 ҚР заңнамасында және Университеттің жергілікті актілерінде көзделген өзге де жағдайларда.
4.4 Көшіру тиісінше былайша жүргізіледі:
4.4.1 ҚР азаматтары үшін — бұйрық немесе өкім шығарылған күннен бастап 3 күн мерзімде.
4.4.2 Шетел азаматтары үшін — білім алушылар көшпелі виза алған күннен бастап 7 күн ішінде.