Пономарева Светлана


Сәлеметсізбе, менің атым Пономарева Светлана. Мен Сәулет және Құрылыс институтының екінші курс студентімін және «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша оқимын. Мен әрдайым Америкаға барғым келді және олардың білім жүйесімен танысып, американдықтардың ділің және тұрмыс салтын жақсырақ білгім келді. Арманның орындалуына ағылшын тілі мұғалімі, ҚарМТУ Халықаралық бөлімі және осы мүмкіндікті ұсынған ҚарМТУ үлестерін қосты. Менің ағылшын тілі пәнінен мұғалімім Ахметова Динара Рашидқызы мені халықаралық бөлімге жіберіп, қазір «Академиялық мобильділік» бағ,дарламасына студенттерді қабылдау жүргенін айтты және қатысуға кеңес берді. Мен Халықаралық бөлімге келіп, арнайы формасын толтырдым. Уақыт өткен соң маған қоңырау шалып, бағдарлама бойынша өткенімді және АҚШ-та оқуға мүмкіндік берілетіні жөнінде хабарлады. Осы уақытқа дейін мен ешқашан АҚШ-та болған жоқпын және осы мүмкіндікке өте қуандым. Бізді Луизина штатында, Растон қаласында орналасқан Луизина Техникалық Университетіне жіберді.
Луизиана университетіне келген соң, біз пәндерге тіркеу офисінде тіркелдік. Бізге әлеуметтану пәнін таңдауға кеңес берді, себебі оқытушының пәнге өз көзқарасы бар деді. Сонымен қатар мен құрылыс инженерия мен математиканы таңдадым. Пәндерге тіркелуде уақыт, апта күндерін және оқытушыны таңдауға болады. Әр оқытушының өз кестесі бар және сабақты арнайы уақытта өткізеді. Бұл кестеге қарап, біз өзімізге ыңғайлы кестесін және басқалармен тура келмейтін пәндерді таңдадық.
Америкаға барар алдында біз ағылшын тілінде дәрістерді жапзуға қалай үлгеретінімізді уайымдап, диктофон дайындадық, бірақ бірінші дәрістен кейін барлық дәріс материалдары бізге сабақ алдында поштаға жіберілетіні анықталды. Луизиана университетінің барлық студенттерінде оқытушылар немесе әкімшілік барлық ақпаратты жіберетін өз университеттік пошта бар екені анықталды. Ол тіркеуден кейін құрылады. Америкадағы білім жүйесі біздікінен ерекшеленеді. Мысалы, оларда «сесия» деген ұғым жоқ, сабақтар басқаша құрылып, барлық үй жұмыстары оқытушының поштасына жіберіледі немесе арнайы сайтта орындалады. Барлық емтихандар мен сынақтар семестр ішінде тапсырылады. Мысалы, құрылыс инженериядан үш емтихан болдлы, оның ақырғысы алдынғы үштен тұрды. Математикадан төрт емтихан болды, оның ақырғысы алдынғы үштен тұрды. Әлеуметтанудан біз үш емтихан тапсырып, кішігірім жоба жаздық. Бұл жоба бойынша жұмыс істеуге өте қызықты болды. Оқытушы оны тапсырғанда, оның басты кеңесі – бұл жоба бойынша жұмыс істегенде рақат алу, себебі тақырыптар өте қызықты болды.
Мысалы, кең таралған әндер, Американдық теледидар, балалар ойыншықтары, қызықты байқаулар және т.б. Әлеуметтану сабақтарында біз кликер-сандары бар мини –пульттарды қолдандық, оның көмегімен бақылау жұмыстары немесе сауалнамалар өткізіледі. Біздің оқытушымыздың ұраны: «Оқулықтарды алып тастаңдар!». Ол өзекті мәселелерді поштаға жіберіп, осы мақалалардың негізінде бақылау жұмыстары мен талқылауға тақырыптар берді. Талқылау бүкіл студенттердің қатысуымен өтті, әрбіреу өз ойын айтты, егер бір нәрсе дұрыс немесе қате болса, оқытушы оның қатесін түзетіп, осы немесе басқа тақырыпты қалай түсінуге болатынын түсіндірді.
Инженерия оқытушысы менің Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде қай мамандық бойынша оқитынымды сұрады және қосымша сабақтарға келуге ұсыныс жасады, бұл сабақтарда ол болашақта бетонға қосатын арнайы қоспалар туралы айтты. Сонымен қатар ағылшын тілінде сөйлеуді көбірек тыңдау үшін біз «Сәулетке кіріспе» пәніне бардық. Бұл сабақта бізге белгілі сәулеттік құрылымдар мен әр түрлі мемлекеттердегі сәулет ерекшеліктері туралы айтты.
Луизиана университетінің Халықаралық бөлімі барлық халықаралық студенттері қатысқан іс-шараларды жиі ұйымдастырды. Бірінші іс-шара ол фермадағы алау жағу болды, Луизиана Университетінің Халықаралық бөлімінің директоры Мистер Даниел Эриксон бізді барлық студенттермен таныстырды. Луизиана университетін бітірген барлық студенттердің аттары студенттік қаланың саяжолының бойында арнайы жолдарда ойылып жазылғаны таң қалдырды. Кампус ортасында Луизиана Техникалық университетінің белгісі салынған және егер осы белгіге бассаң немесе одан өтсең, барлық емтихандарды жаман тапсырасын деген ырым бар. Көбісі бұл шындық емес, діндарлық деп санайды, бірақ оны тексеруге ешкімнің батылдығы жетпейді.
Луизиана Техникалық университетінің белгісі – бульдог. Бір ғимаратында бульдог ескерткіші тұр және оны сипасаң-сәттілік әкеледі деген ырым бар. Кампус территориясында өте көп қара мысық тұрады. Американдықтар мысық жолды өтсе-сәттілікке деп санайды.
Біз үшеуміз барғанымыз жақсы болды, біз бір-бірімізге көмектесіп, қолдадық. Американдықтар мен институт әкімшілігі бізді әзілдеп «отбасы» деп атады. Біз өте көп халықаралық студенттерін кездестірдік, солай басқа мәдениет туралы көп білдік. Біз Африка, Сауд Арабиясы, Непал, Иран, Қытай, Таиландтан және басқа мемлекеттерден студенттерді кездестірдік.
Біз Мәсіх мерекесі кезінде болуы өте күшті. Мәсіх мерекесі-басты америкалық мерекелерінің бірі болып саналады. Бүкіл жерде өте көп әдемі алаулар, барлық дүкендер, мейрамханалар мен көшелер безендірілген. Сонымен қатар бүкіл жерде арнайы рождество гүлі – Пуанцетра мен бірдей Мәсіх иісі болды. Біз тұрған қала үлкен болмаса да, бұл жерде үлкен Мәсіх парад өтті. Қала тұрғындары көше бойында тұрып, ал жол ортасынан парад өтті, оған әр түрлі көліктер, арбалар, мотоциклдер қатысты, ал олардың ішіндегі адамдар кәмпит және тағы басқа әшекейлерді көшеге лақтырды. Америкадағы ең жақсы күн мен үшін – туған кү болды. Осы маңызды күні мен отбасы мен достарымнан алыс болсам да, менімен келген қыздар , Нәсіпжан мен Дина, және Америкада кездестірген достар мені өте жылы құттықтады.
Мен Америкадағы білім жүйесі туралы өте көп білдім, жұмыс жүргізілетін зерттеу базасымен жақын танысып, өте бағалы тәжірибеге ие болдым, бұл маған болашақта көмектеседі деген үміттемін. Бұл үшін Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетіне, Халықаралық бөлім мен қолдау берген оқытушыларға үлкен алғысымды айтқым келеді.

пономареваҚазақстанның студенттері мен Луизиана университетінің Халықаралық бөлімінің директоры– мистер Даниел Эриксон
пономарева2Біз Халықаралық бөлімнің директоры– Мистер Даниэлом Эриксон мен декан– Мистер Стэн Наппермен
Доктор Шон ТриветтеБіздің әлеуметтану оқытушысы – Доктор Шон Триветте
Доктор Дэйв МенгБіздің математика пәнінің оқытушысы Доктор Дэйв Мэнг
Без рубрики