Полиция жасағы көмекшілері мүшелерінің Қарағанды облысы ХТЖ ІІД басшысының орынбасарымен кездесуі


2017 жылдың 12 қазанында Қарағанды облысы ХТЖ ІІД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Н.А. Рахимбековпен ҚарМТУ студенттері – полиция жасағы көмекшілері мүшелерінің кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ол полиция жасағы көмекшілерінің құрылу мақсатын, мүшелерінің қызметтерін, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу әдістерін, оқу корпустарында, жатақханаларда және іргелес аумақтардағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету маңыздылығын айта кетті.

Студенттерден полиция жасағы көмекшілері мүшелеріне тиісті ажырату белгілері ұсынысы келіп түсті.

Без рубрики