Полицияға жәрдемдесу ҚарМТУ студенттер жасағы


2016 жылы 12 қыркүйекте Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу және де құқық бұзушылықпен күресуде көмек көрсету мақсатында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Полицияға жәрдемдесу ҚарМТУ студенттер жасағы» құрылды. Аталған жасақ оқу орындарының оқу ғимараттары мен жатақханаларындағы, сондай-ақ оқу орындарына тиесілі территорияларда қоғамдық тәртіпті сақтаудықамтамасыз етеді, студент жастар арасында олардың тарапынан құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды болмырмау туралы түсініктеме жұмыстарын, құқықтық насихаттауды жүргізеді, әртүрлі студенттік іс-шараларды өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қорғауды жүзеге асырады. Басқа да ЖОО-ның студенттер жасағымен кездесіп, бірігіп жұмыс жасайды.

         «Полицияға жәрдемдесу ҚарМТУ студенттер жасағы» құрылған сәттен түрлі кездесулер өтті. Атап айтсақ, Қарағанды облысының ҰҚКБ ІІМ бөлімінің жедел аға уәкілі, полиция подполковнигі А.Е. Алмажановпен, Қарағанды облысының ҰҚКБ ІІМ бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Б.Ш. Макеновпен, Қарағанды облысының ЖҚМ ІІМ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Н.А. Рахимбековпен, Қарағанды қаласының ЖҚМ ІІБ басшысының орынбасары, полиция полковнигі Б.Е. Кенжебулатовпен, ЖҚМ Орталық полиция бөлімінің басшысы, полиция майоры Д.С. Абильдинмен, Қарағанды облысының ЖҚМ ІІМ инспекторы, полиция капитаны Р.К. Қайратпен және ЖҚМ Орталық полиция бөлімінің бөлімше инспекторы, полиция капитаны Ж.С. Шохабаевпен кездесу өтті. Кездесу барысында полицияға жәрдемдесу жасақтарына қабылдану шарттары мен ережелері, сондай-ақ қоғамдық көмекшілердің құқықтары мен міндеттері айтылды.

Без рубрики