Покрытан П.А.
Ломоносов атындағы ММУ саяси экономика кафедрасының профессоры (Мәскеу, РФ)
Профессор Покрытан П.А. «Экономикалық теория», «Экономикалық зерттеулердің әдістемесі», «Жүйелер теориясы мен жүйелік анализ», «Ойын-сауық бағдарлама жобалау және ұйымдастыру » пәндері бойынша сабақтар өткізді. Мәскеу мемлекеттік университетінің саяси экономика кафедрасының профессоры Марк-10-2 тобынан «Жүйелер теориясы және жүйелік анализ» пәні бойынша және СКС-10-2 тобынан «Ойын-сауық бағдарлама жобалау және ұйымдастыру» пәні бойынша емтихан қабылдады.
2012 ж. 18 мамыр күні Экономика Институты негізінде шақырылған ғалымдар қатысуымен «Қазақстанның қоғамдық-экономикалық жаңғырту» профессор П.А.Покрытан қатысуымен өтті. Ол «Білім саласында зияткерлік потенциалын жаңғырту жөнінде кейбір шаралар» тақырыбына баяндама жасады.
2012-2014 ҚР БҒМ ғылыми зерттеулердің гранттық қаржыландыруына мәлімдеме берілді. Ғылым дамуының приоритеті: «Мемлекеттің зияткерлік потенциалы». Ғылым дамуының мамандандырылған ғылыми бағыты: «Экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер». Тақырыбы: «Қазақстан Республикасында зияткерлік потенциалын қалыптастыру механизмін әлеуметтік-экономикалық жаңғырту». Жобаға М.В.Ломоносов атындағы ММУ саяси экономика кафедрасының профессоры экономикалық ғылымдарының докторы П.А.Покрытан қатысуда.
ҚарМТУ және М.В.Ломоносоа атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономикалық факультеті- саяси экономика кафедрасының профессоры, экономикалық ғылымдарының докторы П.А.Покрытанмен халықаралық қызметтестік жөнінде шарт жасалды.