Поэзия сағаты


Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Мақалада «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр және осы айтылған мәселелердің орындалуына ат салысу әрқайсысымыздың парызымыз. Осы мақсатты ұстана отырып 24.11.2021ж. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жоғары математика» кафедрасының аға кураторы Тулеутаева Ж.М. ұйымдастыруымен «Поэзия сағаты» атты әдеби-сазды іс-шара өткізілді.

Іс-шараның  басты мақсаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып,  ұлт тарихында өшпес із қалдырған көрнекті тұлғалардың өмір-жолын, еңбектерін, қазақ халқына жасаған қызметін жастарға насихаттау. Биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі жылында ұлттың ұлы ұстазы-Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы және қазақ поэзиясының символы, ақиық ақын, «Ғасыр ақыны»-Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойлары тұспа-тұс келіп отыр. Поэзия сағатында аталған ұлы тұлғалардың өмір-жолдары мен тұлғалық келбеті баяндалып және таңымал өлең-жырларын студеттеріміз мәңерлеп оқыды. Ақындардың өлең жолдарын үздік оқыған студенттерді: Мотосов Денис- АиУ-21-2 тобының студенті (жетекші: Кажикенова С.Ш.), Кенжин Жанай – студент гр.ОПИ-21-1 (жетекші: Ахметов К.М.), Магадиева Анель — студентка гр.Э-21-2 (жетекші: Журов В.В.), Тушева София – студентка гр.  СИБ-21-5 (жетекші: Абаева Н. Ф.), Нурхан Ильясов- студент гр.  ГД-21-1 (жетекші: Шаихова Г.С.), Бекболат Алмасбек- студент гр. ПСК-21-1 (жетекші: Касымова Л.Ж.), Еремкин Евгений- ОП-21-2 (жетекші: Тулеутаева Ж.М.), Минуаров Азиз- НД-21-2  (жетекші: Мустафина Л.М.) келесі: «Мен туған елімді сүйемін», «Жастар тәуелсіздікті жырлайды», «Ұлы ақын Абай өлеңін ағылшын тілінде үздік оқу», «Жастар тәуелсіздікті жырлайды», «Ұлт ұстазы-Ыбырай Алтынсарин», «Дауылпаз ақын-Қасым Аманжолов», «Ғасыр ақыны-Мұқағали Мақатаев», «Абай-дара, Абай-дана қазақта»,  «Мақтан етем туған жерімді» номинациялармен марапатталды.

Без рубрики