ҚР Ұлттық инженерлік академиясының «2019 жылдың үздік инженері» байқауының жеңімпаздары


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының Қарағанды филиалы сәтті жұмыс істейді.

Филиалды ҚарМТУ ректоры, техника ғылымдарының докторы, ҚазҰЖҒА және ҚР ҰИА академигі Ибатов Марат Кеңесұлы басқарады.

ҚР Ұлттық инженерлік академиясының «2019 жылдың үздік инженері» кезекті бесінші конкурсына Қарағанды филиалынан 3 үміткер ұсынылды: Ким С.П., Куликов В.Ю. және Калинин А.А.

70 үміткердің ішінен  Қазақстан Республикасында 5 адам аталған байқаудың лауреаты атанды, оның ішінде ҚР ҰИА Қарағанды филиалынан ұсынылғандардан екі үміткер: Куликов Виталий Юрьевич, т.ғ.к., ҚарМТУ «Нанотехнология және металлургия» кафедрасының меңгерушісі мен Ким Сергей Павлович, т.ғ.к., «Шұбаркөл Көмір» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті.

 

Куликов В.Ю. алғаш рет қалыптау процесінде стационарлық емес жүктемені пайдалана отырып, қабық құю формаларын дайындау тәсілін әзірледі. Осы жұмыс шеңберінде қоспаның негізгі және қосалқы компоненттерінің оңтайлы құрамы мен концентрациясы іріктеліп алынды, бұл қымбат шайырдың құрамын 20%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Қалыптаушының жұмыс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту жөнінде балқытуда пайда болатын газдарды бұруды пайдалану есебінен шешімдер дайындалды.


 

 Ким С.П. көмірді терең өңдеу үшін өндірісті әртараптандыруды жүргізді. Ким С.П. бірнеше ұқсас жобалардың бастамашысы және жетекшісі болып табылады. Олардың ішінде: ҚР-да өнімділігі жылына 210 мың тонна көмірден арнайы кокс өндіретін алғашқы зауыт салу; белгіленген қуаты 2 МВт газ-поршенді машиналар технологиясы бойынша ТМД аумағында ілеспе кокс газында алғашқы электр станциясын салу; ҚР-да қуаттылығы 1000 тоннаға дейін тас-көмір негізінде белсендірілген көмір шығаратын алғашқы өндірісті салу.

Конкурс жеңімпаздарын құттықтаймыз және жаңа шығармашылық табыстар мен барлық инновациялық идеялардың жүзеге асырылуын тілейміз!

 

 

Без рубрики