ПОҚ және студенттердің «Серпін 2050» әлеуметтік жобасының Республикалық үйлестіруші кеңесінің төрағасы Мұрат Абеновпен кездесуі


2015 ж. 12 қараша сағ 17.00 ҚарМТУ бас ғимаратында профессорлық педагогикалық құрам мен «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттердің «Серпін 2050» әлеуметтік жобасының Республикалық үйлестіруші кеңесінің төрағасы Мұрат Абеновпен кездесуі өтті. Кездесі шеңберінде студенттердің білім алу және тұрғын орындарына ққатысты мәселелер талқыланды.
Қонақтар үшін Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті бойынша көрме ұйымдастырылды. Олар «Серпін» оқу орталығына, инжиниринг орталығына, «Шнайдер электрик» инноацялық орталығына, инновациялық жобалар көрмесіне, дәнекерлеу зертханасына, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына және т.б. барды.
Университетке 2015 — 2016 оқу жылдарында «Серпін -2050» бағдарламасы бойынша білім алуға 14 мамандық бойынша 321 мемлекеттік шәкіртақы бөлінді.
ҚарМТУ-ға осы бағдарлама бойынша оқуға түскен талапкерлер ыңғайлы жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқуды аяқтағаннан кейін оларға жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетіледі.
«Серпін- 2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Университет студенттері театр, концерттерге жиі барады, қаланың және Университеттің қоғамдық өиіріне белсенді түрде араласуда. Бүгінгі күні студенттер Теміртау қ. ҚР ТҰғыш Президенті атындағы Тарихи- мәдени орталыққа барып қайтты. Студенттер үшін орталықтың экспозициялар қойылған залдарында, барысында балалар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы және еліміздің ауыр индустриясының алыбы Қазақстандық Магнитканың тарихымен Қазақстан Республикасының Тұғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны арқылы танысқан, экскурсия ұйымдастырылды.Сонымен қатар олар Долинка кентіндегі саяси репрессия құрбандарының естелігі мұражайында, балалардың сауықтандыру орталығына барды.
Студенттердің мәдени дамулары үшін Университет С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында өткен «Адасқандар» спектаклінің премьерасына, V республикалық «Жұлдыз- 2015» жарысының гала-концертіне баруды ұйымдастырды.

Сабақтан тыс уақытта студенттер ҚарМТУ-дың шығармашылық және спорттық үйірмелерне барады, университетте және жатақханада ұйымдастырылатын іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар осы күндері студенттер «Ақпараттық- насихаттаушы топтардың және дінтанушылардың, мемлекеттік қызметкерлердің, жастар лидерлерінің діни сауаттылықтарын көтеруге бағытталған білім беруші кешен» атты үш күндік семинардың қатысушылары болды.

Без рубрики