2021 жылдың 12 қазанында ҚарТУ «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының кешенді бағдарламаның орындалуына сәйкес, ПОҚ академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру бойынша Ташкент мемлекеттік көлік университеті (Ташкент қ., Өзбекстан) «Көлікте қозғалысты ұйымдастыру» кафедрасының оқытушылары дәріс өткізді:
1) т.ғ.к., профессордың м.а. Сүюнбаев Ш.М. – «Сұрыптау станцияларында вагон ағындарын ұйымдастыру мен басқаруды бағалаудың техникалық-пайдаланушылық әдістерін жетілдіру» тақырыбында;
2) PhD, доценттің м.а. Жумаев Ш. Б. – «Вагондар паркін бөлу жағдайында жүк объектілеріне қызмет көрсету технологиясын жетілдіру»;
3) стажер-зерттеуші Каюмов Ш.Ш. – «Теміржол көлігі мен жүк тасымалы қызметтерін пайдаланушылардың өзара қарым қатынасы процестерінің технологиясын жетілдіру».
Ташкент мемлекеттік көлік университетінің жоғарыда аталған оқытушыларына дәріс өткізгені үшін алғысымызды білдіреміз және біздің оқу орындарымыздың арасындағы білім мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастырамыз деп ойлаймыз.