Питтсбург және Олбани (США) университеттеріне бару туралы ЕСЕП


Баяндаушы: Куликов В.Ю.

Слайд 2) Делегация құрамында Питтсбург Университетінде (QS 113), Карнеги Меллон Университетінде (QS 62), Олбани Университетінде (QS 601-650), Ренселер Политехникалық институтында (QS 356) болдым. Делегация құрамында ҚР БҒМ жауапты хатшысы Рахимжанов А.М., Әл –Фараби атындағы ҚазҰУ оқу ісі жөніндегі проректор Ахмед-заки Д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ кафедра меңгерушісі Сабитов Е. болды.

(Слайд 3) АҚШ –та жоғары білім беру жүйесі туралы дәріс оқылды.

АҚШ –та бірыңғай білім берудің мемлекеттік жүйесі жоқ, әрбір штат құрылымын дербес тағайындауға құқылы.  АҚШ –та оқу орындарын мемлекеттік және жекеменшік деп бөлуге болады.

Мемлекеттікті қаржыландыру штат қаражатының есебінен жүзеге асырылады; әдеттегідей, жекеменшік оқу орнына қарағанда оқущылардың саны көп, бірақ оқу ақысы әдетте төмен. Әрбір штатта аз дегенде бір мемлекеттік университет немесе колледж бар.

Жекеменшік оқу орындары оқуға төлеу, әртүрлі гранттар және қайырымдылық есебінен жұмыс істейді; бұдан басқа ықпалды және ауқатты түлектер өзінің «альма матер» қолдауға тырысады.

АҚШ жоғары оқу орындарына талапкерлерді алу және қабылдау рәсімі олардың түрі мен беделдігіне қарай және бұған байланысты ашық, конкурс және іріктемелі болады. Елде талапкерлерге бірыңғай талаптар жоқ. Негізінде жоғары оқу орындарында конкурстық емтихандар, әңгімелесу, тестілеу, басқа жоғары оқу орындарында жалғыз шарты орта білімнің болуы (мысалы, 2 жылдық колледждерге ашық қабылдау). ЖОО түсу кезінде жалпы талап орта мектепті аяқтау туралы құжатты тапсыру болып табылады; мектепте оқыған пәндер тізімі және алған бағалар; қаблеттілік пен білімге тест бойынша баллдың жалпы саны, мектеп мұғалімдерінің және әкімшіліктің ұсыныс –сипаттамалары, түсу кезінде әңгімелесу нәтижелері.

Мамандарды жоспарлы қабылдау және шығару елде жоқ. Әрбір ЖОО толық курсты бітіре ала ма және қайда «өздігінен орналасатын» қамын ойламай өз жүйесі бойынша студенттік контингентті қалыптастырады. АҚШ ЖОО –на кез- келген жаста ресми қабылданады. Оқуға төлеу қажеттілігімен түсіндірілетін оқу мерзімі шектелмеген.

Мектепті аяқтағаннан кейін оқуды колледжде, институтта немесе университетте жалғастыруға болады; бұл түсініктер синонимдер деп есептеуге болады – университеттер студенттер санының көп болуымен және бакалавр дәрежесін берумен шектелетін колледждерге қарағанда дәреженің кеңейтілген бағдарламасымен ерекшеленеді.

АҚШ –та жоғары білім беру үш дәрежені енгізеді – бакалавр (bachelor`s degree), магистр (master`s degree) және доктор (doctor`s degree).

Бакалавр дәрежесін алу үшін оқу мерзімі, әдетте төрт жылды құрайды. АҚШ –та бакалавр дипломына оқу undergraduate деп аталады; АҚШ –та бакалавр дәрежесімен кеңінен таралған ғылыми (bachelor of science degree) және гуманитарлы (bachelor of arts degree) болып табылады.

Екі жылдық бағдарлама бойынша оқу жағдайында (мысалы, community college аталатын) студент associate (ассоциирленген дәреже) алады; бұл дәреженің иегері бакалавр дәрежесін алуға оқуды жалғастыра алады, және бұл жағдайда оқуының екі жылы есептеледі (студент оқудың үшінші курсына ауыстырылады). Бұл тәсіл сондай –ақ community college оқу ақысы қымбат еместігімен қызық.

Магистр дипломы (graduate) – бакалаврдан кейін келесі дәреже; оқу мерзімі әдетте бір жылдан үш жылға дейін құрайды. Бакалавриатта сияқты магистрдің ғылыми және гуманитарлы дәрежелері бар, сонымен қатар Ph.D. degree – философия докторы.

Докторлық дәрежені (postgraduate education) кім дәрігер, колледж немесе университет оқытушысы не мысалы, адвокат, не болмаса түрлі зерттеулермен айналысқысы келген адам алады. Докторлық дәрежені алу диссертацияны жазу мен қорғау нәтижесінде. Оқу мерзімі таңдаған мамандыққа байланысты, бірақ әдеттегідей, бакалавр дипломын алғаннан кейін кем дегенде бес жыл.

Америкалық ЖОО ықылас білдіретін пәндерді таңдау икемді жүйемен ғана ерекшеленбейді, бір оқу орнынан басқа оқу орнына белгілі курста ауысу мүмкіндігімен ерекшеленеді.

Оқу жылы, әдеттегідей, тамыз айының аяғында – қыркүйек айының басында және мамыр –маусым айларына дейін жалғасады; жазғы каникулдар ұзақ, сонымен қатар қыс (Рождестволық) пен көктемде демалуға үзілістер.

АҚШ- та әртүрлі саяси қайраткерлердің, көрнекті тарихи тұлғалар немесе бұл ғимараттың құрылуына немесе жұмысына қаржы жұмсаған қарапайым адамдар атына берілген жоғары оқу орындары көп.

Елде 4500 ЖОО бар. Семестр ағымында студенттердің 15 –тен 21 –ге дейін кредиті бар. Бағдарламаның авккредитациясы маңызды. Аймақтық деңгейде (орта батыс штатының, колледждің және ЖОО –ң ассоциациясы).

(Слайд 4) Питтсубрг Университеті.

1787 жылы құрылған. Медициналық зерттеулермен әйгілі.

Университет құрамында 16 факультет.

Инновация инстиутына бардық.

1980 жылы АҚШ Конгрессінде  университеттер алғаш рет өнертабысқа патент алуға және олар үшін авторлық аударымдар алуға мүмкіндік алған Бэйа-Доул заңы қабылданды. АҚШ – ң 2% патенті университетке келеді (олардың ішінен 16 % медицина, 9 % фармацевтика).

Бұрын студенттер ірі компаниялдарда жұмыс істегісі келді, қазір олар тәуекелге бел буып өзінің кәсібін ашқылары келеді. Университет кәсіпкерлік қызметке дайындауы керек.

Университет жылына өнертабысқа 300 мәлімдеме береді және АҚШ –та бұл көрсеткіш бойынша ондыққа кіреді. Мәлімдеменің 80 % фармацевтика, информатика, медицина салаларында қалдырады.

«Меншік кәсіпорындарды экономикалық құру» курсы бар. Курсты тыңдаған кейбір оқытушылар мен студенттер старапты құру идеясынан бас тартады. Содан кейін конкурстар өткізіледі, жүлделер 10 мыңнан 150 мың долларға дейін. Университет стартапрдан 5 % өзіне алады. Стартаптарға салық жеңілдіктері штаттың жергілікті биліктері көрсетеді.

Ғалым жалақыны сақтаумен өз компаниясына аптасына бір рет консультация бере алады; академиялық демалыс екі жылға дейін. Грант атаулы, оны  профессор өзімен бірге басқа университетке алып кете алады.

(Слайд 5-6) Мироскопияның ғылыми орталығы.

Әртүрлі профессорларды тарту үшін бірден бір орында құрылған. Микроскопты сатып алу оңай, оған білікті маман табу қиын. 5 қызметкер (литография, тозаңдау, эжектронды микроскопия, спектрография бағыты). Жабдықты алуға грантты ұтып алуға болады. Жабдықты қолданғаны үшін сағаттық төлем гранттан алынады.

Жабдыққа тапсырыс беру және басқару вебсайттан жүзеге асырылады. Мысалы, жарықтық микроскоп үшін сағатына 50 доллар.

(Слайд 7-8) Инженерлік факультет.

3000 студент, 500 магистрант, 5000 докторант. Биотехнологиялар, компьютерлік технологиялар, электроника, материалтану бағдарламалары. Орталықты қаржыландыру үкіметтен жылына 2 млн. доллар.  Зерттеу: өндірісті автоматтандыру, механика, өндіріске жаңа тәсілдер, қоспалар мен кірмелерді, жоғары температура кезінде коррозияны зерделеу, имплантанттар. 66 студент жобаға мәлімдеме жазды.

(Слайд 9) Университет Карнеги Меллон.

Университет IT-технология, робототехника мен жасанды интеллект саласында  және ғылым мен техника, инновация саласында зерттеумен айналысады. Университет сондай –ақ также менеджмент, экономиканы және лингвистиканы қосқанда көптеген басқа салаларда белгілі. Басқа белгілі компаниялармен IBM –мен серіктестік қатынастары бар.

Компьютерлік технология, құрастыру, бизнес және экономика, мемлекеттік қызметр, ақпараттық жүйелер, психология, ойын –сауық технологиялары, әлеуметтік және басқару ғылымдары саласында білім алу ең жақсылардың бірі болып табылады.

(Слайд 10) Жұмысқа тұру орталығы.

Студенттермен бетпе –бет әңгімелеседі және ірі семинарлар жасайды. Түйіндемені қалай жазуды, әңгімелесу қалай өтетінін үйретеді. Дағдылар береді. Штат 23 адам (13 консультация береді, 5 жұмыс берушілермен байланыс). Студенттерді жұмыскердің соңынан жүретін бір күнге кәсіпорынға жібереді. Практикадан әдеттегідей студенттер өздері жазда өтеді.

Жұмыс берушілер тіркелетін, бос орындарды ілетін, студенттер түйіндемені беретін «Қол қысу» жүйесі бар.

«Машиналық оқыту» білім беру бағдарламасы. Алгоритмді қалай құруды, күрделі графикалық жүйені бағалауды үйретеді, статистикалық сипаттаманы зерделеуді үйретеді. 52 докторант, 20 магистрант. Тәртіп аралық тәсіл.

(Слайд 11) Инженерия институты.

140 ПОҚ штат+80 жан –жақтан алынады, 1800 бакалавр. 1200 магистрант, 800 докторант. Тәртіп аралық тәсілдер: биометрика, киберқауіптілік, жасанды органдарды, медицинада наноматериалды жасау. Таза бөлмелер салады. Ютюбта ғалымдардың зерттемесі туралы роликтер салынатын жаңа арна бар. 1 курс стандартты, әлеуемттік ғылымдар және инженерлік іс. Содан кейін пәндерді таңдайды. Әрбір аптада бизнес өкілдері семинар жасайды. 30 % бакалавр магистратураға түседі. Біліктілік емтиханын 150 адамнан 2-3 адам тапсырады. Бағдарламаны аккредиттеу әрбір 5–6 жылда жасайды. 125 кредит 4 жылда. 1 кредит – дәрісханада 1 сағат +  2 СӨЖ. 10 % жергілікті оқушылар түседі, қалғандары басқа қалалар мен елдерден.

Құны 60 000 доллар, бірақ гранттар, жеңілдіктер беріледі.

(Слайд 12) Екі жылдық коммити колледж.

Студенттерді колледжге тарту бағдарламасы. Бизнес бойынша 45 аса серіктес. Түлектер жоба жасайды, бизнес –жоспар бойынша. Барлық мұғалімдер серіктес ретінде жұмыс жасайды. Нақты тақырыптар ұсынылады, мысалы, экологиялық жағдайды жақсарту. Аптасына 5 рет колледжде 3 сағаттан өткізеді, содан кейін өз мектептеріне барады.

Пәнді қайта есептеу туралы келісім бар. Бағдарламаны қайталау жіберілмейді. Колледжде ақысы семестрге 200 доллар, оқулықтар және шығын материалдары. Семестрде 3-5 пән. Жылына 33 кредит. Колледжде қалай оқу туралы айтатын «Колледж-форм» пәні бар. 12 мың студенттер шамасы.

(Слайд 13) Ренселер политехникалық институты

АҚШ –та жекеменшік университет. Трой қаласында орналасқан, штат Нью-Йорк. Негізгі назар жаратылыстану ғылымдары мен техноогияларына аударылады. Сондай –ақ, зерттеу саласында басымдық бес бағытта бөлінген: биотехнология, энергетика және қоршаған орта, нанотехнологиялар, есептеу және ақпараттық технологиялар, медиакоммуникация және өнер саласында зерттеулер. Университетте шамамен 7 мың студент оқиды.

(Слайд 14) Технопарк.

Жекеменшік кәсіпорындарды лицензиялау, сату немесе құру. Орталық 600 га, 67 компаниялар, 2118 жұмыскерлер жұмылдырылған. Университет міндеті– зерттеуді қорғау. Егер жыл ішінде университет патентке бермесе, онда профессор өзі өз жабдығын патенттей алады, бірақ 1 %  бәрібір аударылады. Үкімет технопарк жұмысына араласпайды, (энергия, су, климат, инфрақұрылым, тұрақты даму, ғаламдық нарық, мәдениет, коммуникациялар).

Акселераторлар бар – кәсіпкерлікке дайындаудың жазғы курстары. 6 апта 6 сағаттан. Гранттарды 3-5 жылға алады. Содан кейін стартап. 22 компания портфелде. Қызмет көрсеткені үшін ақша алмайды, пайдадан пайыз кейін. Инкубациялық кезең  2-5 жыл.

(Слайд 15-16) Университет Олбани

17 300 аса студент университеттің ірі зерттеуінің экспансивті мүмкіндіктерін алады, жетістікке жәрдемдесетін орта.

Академиялық бағдарламалар.

UAlbany студенттерін 120 баклавриат және кәмелетке толмағандардан алу және 125 аса бағдарлама түлектерінен алу. Бұл бағдарламалардың көбісі ұлттық орын, олардың ішінде қылмыстық әділсот, ақпараттар және басқару технологиясы (информатика), мемлекеттік басқару, әлеуметтік қамтамасыз ету, денсаулық сақтау және социология.

Ғылым және белім беру адамдарының өмірлерін жақсарту.

Зерттеудің әрбір саласындағы студенттерге оқытушылар нұсқау берген, әлемдік кластағы ғалымдар мен оқытушылар – көбісі қоғамдық игілікті жасауға мүмкіндік беретін зерттеу өмірін жақсартумен айналысады. Тәлімгер ретінде олар студенттерге дағдылары мен ұмтылыстарын жоғарылатуға шабыттандырып, зерттеудің студенттері мен түлектеріне зор мүмкіндіктер ашады.

600 аса шетелде оқу тәсілі

Студенттер UAlbany арқылы және Suny желілері арқылы 50 елдерге қарағанда 600 шетелде оқу мүмкіндіктері бар. Бұл бағалы мүмкіндіктер сана –сезімін, білімін жоғарылатуға және оларды заманауи ғаламдық нарық үшін дайындайтын халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндіктер.

Learning байытатын әртүрлілік

Түрлі перспективалар мен UAlbany –да оқуды байытатын әртүрлілігімен ерекшеленетін 48 мемлекет пен 96 ел ұсынатын студент пен оқытушылардың өмірлік тәжірибесі.

(Слайд 17) Қорытынды:

  1. ҚарМТУ даму тенденциялары толығымен әлемдік трендтерге сәйкес келеді.
  2. АҚШ университтерінен әріптестер ғылым және академиялық мобильділік бойынша біздің университетімізбен ынтымақтастықты дамыту қызығушылық танытуда.
  3. Айырмашылықмықты бөлімдер мен қызметтер, толық электронды құжат.

            (Слайд 18) Ұсыныстар:

  1. СНО –ға жоғарғы сынып оқушыларын қатыстыру.
  2. Студенттер үшін жыл сайын жетістіктер көрмесін өткізу.
  3. Профориантация (студенттер күшімен), ғылыми роликтер үшін Ютюбты пайдалануды күшейту.
  4. МХО сайтын жабдық жұмысын бақылау үшін жетілдіру..
  5. Түлектерді жұмысқа тұрғызу бойынша жеке сайт жасау және жарнама.
  6. Меншікті брендін жылжыту, оның ішінде жасалатын сувенирде.
  7. Демеушілермен жұмысты күшейту, бірінші кезекте түлектермен.
  8. Кәспорын өкілдерінің қатысуымен қолда бар патенттерді коммерциализация үшін қайта қарастыру.
  9. Жоғарыда аталған университеттерден профилді профессорларды дәріс оқу және достық қарым –қатынасты орнату үшін шақыру.

(Слайд 19) Назар аударғандарыңызға рахмет!

 

Без рубрики