2016 жылғы 9 маусымда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде минералдық және энергетикалық ресурстар саласындағы, сондай-ақ қоршаған орта мәселелері жөніндегі аса көрнекті маман, Пьер мен Мария Кюри Университетінің профессоры Жорж КАЛАС болды.
Геолог-минералог, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібі саласындағы маман болғандықтан, ол ҚарМТУ-да болуы шеңберінде минералдық ресурстар және олардың орнықты даму мәнмәтініндегі маңызы тақырыбына Дөңгелек стол өткізді.
Профессор КАЛАСтың қасында оның әріптесі, Пьер мен Мария Кюри Университетінің ғылыми қызметкері – Лоранс ГАЛУАЗИ ханым бірге еріп жүрді.
Кездесу барысында ҚарМТУ-дың бірінші проректоры профессор А.З. Исағұловпен кездесу барысында ғылым мен білім саласындағы өзара тиімді қатынастарды дамыту перспективалары белгіленді және ҚР Тұңғыш Президентінің білім ордасының ғылыми зертханаларына экскурсия өткізілді. Бұдан кейін делегация «АрселорМиттал Теміртау» АҚ КД Костенко атындағы шахтасында болды.