2024 жылғы 6 желтоқсанда Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде жыл сайынғы «Pedfak StartUp village 2024″стартап — жобалар байқауы өтті.
ҰБТ байқауға Қарағанды облысының колледждері мен университеттерінің студенттері қатысты. Біздің колледж КАУ-9/24-2 тобының студенттері Данил Тимофеев, Дмитрий Бандалетов, Алдияр Шәріпов, Всеволод Бунаков атынан «EduAI»стартап — жобасы байқауының қазылар алқасына ұсынылды. Қазылар алқасының төрағалары жобаны перспективалы деп атап, «Үздік командалық жұмыс»номинациясымен марапаттады.