«Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының жаңа меңгерушісі тағайындалды


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы — Ректоры С.С. Сагинтаеваның 2025 жылғы 6 қаңтардағы № 12 кафедра меңгерушісін тағайындау туралы бұйрығы негізінде «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі болып үш жыл мерзімге, 06.01.2025 ж. бастап 05.01.2028 ж. дейін техника ғылымдарының магистрі Қожанов Мұрат Ғалиасқарұлы тағайындалды.

Кафедраның жаңа меңгерушісін ұжымға Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі Проректор Бекболат Нүсіпбеков және Басқарма мүшесі-стратегиялық даму және цифрландыру жөніндегі Проректор Т. Е. Қанапиянов таныстырды. Олар PhD  Бигалиева Альфия Замирқызына «Ақпараттық технологиялар және қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі лауазымындағы адал еңбегі үшін алғыс білдірді. Басқарма Төрағасы — Ректордың атынан оған алғыс хат табыс етілді.

М. Г. Қожановты жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтаймыз және оған қызметте толағай табыстар тілейміз!

Без рубрики