«Ақпараттық-есептеу жүйелері» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы А.А. Калинин Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды


2023 жылғы 31 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының кеңсесінде жаңа корреспондент-мүше, PhD докторы А.А. Калининге ҚазҰЖҒА дипломы, куәлігі және төсбелгісі табыс етілді.

Сайлау 2022 жылдың соңында Н.Ә. Әбіқаевтың төрағалығымен ҚазҰЖҒА Төралқасының жалпы отырысында өтті.

Қазіргі уақытта 1999 жылы құрылған ҚазҰЖҒА-ың құрамына ғылымның басым бағыттары бойынша 7 бөлімшенің жұмысына қатысатын отандық және шетелдік ғалымдар (262 академик және 88 корреспондент-мүше) кіреді.

Калинин А.А. «Энергия-экологияны қоса алғанда, энергетика саласын дамытуға бағытталған физика-математика ғылымдары» бөлімшесінің корреспондент-мүшесі болып табылады.

Алексей Анатольевичті ҚазҰЖҒА корреспондент-мүшелігіне сайлануымен құттықтаймыз және ғылым мен білім беруде жаңа жетістіктер тілейміз!

Без рубрики