Қазіргі уақытта елімізде «Қазақстанның үшінші жаңғыруы : жаһандық бәсекеге қабілеттілік» мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы бойынша ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысы өз Жолдауында негізгі басымдықтарының бірі ретінде институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты алды.
Жолдауды іске асыру аясында Қарағанды облысында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранымен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс істей бастады . Мобильді топ құрамына Департамент басшысы және қызметкерлерінен басқа да, «Азаматтарға арналған үкімет» МК ХҚКО Департаменттерінің филиал төрағалары, «Нұр Отан» партиялары және Қазақстан кәсіпкер қауымдастығы және сервистік қызмет көрсету өкілдері кіреді.
29 наурыз 2017ж. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде
«Парасыз болашаққа. Бірге!» ұраны аясында Департемен қызметкерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ студенттермен ақпараттық — түсіндіру кездесуі өтті . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың ҚарМТУ студенттерімен кездесу мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың барлық нышандарына «нөлдік» төзімділік принципін, яғни Жолдаудағы бағытталған басымдықтың бірі институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Кіріспе сөзімен студенттерге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Т.Б. Медет ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қазақстандықтардың сыбайлас жемқорлық саясатына қарсы азаматтық көзқарасын қалыптастыратынын айтты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы М.А. Қарғабай ақпараттық-түсіндіру кездесуінің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екенін айтты.
Осыған байланысты Қарағанды облысында «Парасыз болашаққа. Бірге!» ұраны аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жұмыс істей бастады . М.А. Қарғабай атап өткендей сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру , халық арасында жасын, кәсіби және басқа да ерекшеліктерін ескере отырып ауқымды түсіндіру жұмыстарын атқару керек. Тыңдаушыларға Департамент қызметінің нәтижесі туралы презентация және қоғамдағы жемқорлықтың пайда болуы және салдары көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрсетілді.
Сөз сөйлеу барысында, Департамент өкілдері «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасы » туралы негізгі ережелерімен студенттерді ақпараттандыра отырып, тыңдаушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Патриоттық тәрбие беру ҒЗИ