Ұлттық Банкінің пресс-релиздері
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Инвестициялық және коллекциялық монеталарды барлық заңды және жеке тұлғаларға сату Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының кассаларында қолма-қол ақшаға, сол сияқты POS-терминал арқылы төлем карточкаларын қолдану бойынша жүзеге асырылады.
Инвестициялық және коллекциялық монеталарды айналысқа шығару туралы ақпарат, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Монеталар және олардың бар екендігі туралы ақпаратты Ұлттық Банктің сайтынан алуға болады www.nationalbank.kz
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі” мемлекеттік мекемесі Қарағанды филиалының баспасөз қызметі