«Тізбектелген құрылғылар. Триггерлер» тақырыбындағы ашық сабақ


2-ші мамыр күні біздің Коллежде «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша спец.сабақтарын оқытушы, Сабикенова Гульжан Бауыржановна, КАУ 9/17-1 және КАУ 9/17-2 группаларының студенттері қатысуымен «Электроника және микроэлектроника» пәнінен «Тізбектелген құрылғылар. Триггерлер» тақырыбына үш тілде ашық сабақ өткізді.

Сабақты мақсаты: студенттерге жаңа тақырыпты қызықты, анық, әрі үш тілде де жан-жақты түсіндіре отыра, сабаққа қызығушылығын арттыру. Бір-бірін тыңдауды, топта бірге, ұйымшылдықпен жұмыс істеуге балу.

Сабаққа студенттердің барлығы атсалыса қатысты. Оқытушылар 3 топқа бөлініп, бір-бірімен жарыса отыра, арнайы баллдармен бағаланды. Үй тасырмаларын топпен үш тілде қорғай білді. Топтық тасырмалардан бөлек әр студенттің деңгейі боынша карточкалық тапсырмалар болды. Жаңа тақырыпқа практикалық жұмыс ретінде «Electronic Workbench» программасында триггерлар жұмысын тексере, схема құрастырды. Жаңа тақырыпқа байланысты бақылау сұрақтарынан бөлек, откен тақырыптарды қайталай отырып, викторина ойыны өткізілді. Студенттер сабаққа қызығушылық танытып, білімдерін көрсете білді. Қорытындысында топтық баллдарды есептей отыра, студенттер өздерін, жолдастарын, әрі сабақты жалпы бағалады.

 

Без рубрики