Құрметті магистранттар!
Сіздерге тау-кен факультетінің магистранттары үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2019-2020 оқу жылының күзгі семестріне Германияның Фрайберг техникалық университетінде оқуға құжаттарды қабылдау басталғаны туралы хабарлаймыз. Бағдарлама Erasmus + аясында жүзеге асырылады.
Өтініш берушілер 10.04.2019 ж. дейін 241 кеңсесіне (бас ғимарат) хабарласуы керек.
Кандидаттарға қойылатын талаптар:
• B2 деңгейінде ағылшын тілін меңгерген;
• GPA – 3.0 және одан жоғары.
Қажетті құжаттар тізімі:
- ұсыныс хаттар (кафедра меңгерушісі, кафедра доценті);
- жеке оқу жоспары;
- транскрипт;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- скоросшиватель;
- сурет 3*4 – 3 дана;
- мектеп аттестатының көшірмесі;
- файлдар – 5 дана