«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру» кешенді бағдарламасы бойынша


ЕСЕП БЕРУ

2018 жылдың 12 қыркүйегінде «Қазіргі қоғамдағы АКТ рөлі» тақырыбында дөңгелек стол өтізілді. Бұл шараға ФИТ-18-1(инф), ФИТ-18- 1(сиб), Фит-17-1, Инф-18-1 тобының студенттері, кураторлармен бірлесе отырып белсенділік танытты. Шараның басты ұйымдастырушылары кафедратын аға оқытушысы Кадирова Ж.Б., аға куратор Кулбаева Л.Н.

Бұл тақырып алдын-ала студенттерге берілген болатын. Олар осы тақырып бойынша дайындалып, өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек столда сөз алған аға куратор Кулбаева Л.Н. пікірі бойынша XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында мынадай міндеттерді шешу көзделуде: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу процессінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Жаңа ақпараттық технологияны АКТ пәні арқылы оқу үдерісіне тиімді қолдану- сапалы білім берудің негізгі факторы болып табылады. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру жағдайында студенттің жеке тұлға екенін ескеріп, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар, оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына АКТ пәнінің маңызы зор.

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік демократиялық өзгерістерге сәйкес компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қарқынды даму салдарынан АКТ пәнін оқытуға қойылатын талаптар күн сайын ұлғаюда.

 

Белсенді студенттердің бірі Темирханова Сабинаның пікірі бойынша қазіргі кезде АКТ студенттерге ақпараттық жүйелерге қатысты барлық пәндердің бастапқы сатысы ретінде Microsoft office пакеттерінен бастап, алгоритмдер,    санау    жүйелері,    логикалық    операциялар,    графикалық

редакторлар, әр түрлі Web сайттар құратын редакторлар, smart –технология, Мove Maker, CorelDraw, Macromedia Flash, FrontPage сияқты бағдарламалармен танысып, жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Аға оқытушы Кадирова Ж.Б. дөңгелек столды қорытындылады: біз бейбіт жерде, білім жүйесін жетілдіруге, жастардың жаңа технологияларды игеріп, заманауи болуына аса мән беретін елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білім мен кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Біздің АКТ оқытудағы басты мақсатымыз ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі таңда өмірімізді компьютерсіз, цифрлық техникасыз елестете алмаймыз. АКТ пәні болып табылады. Оларды еркін игеруге мүмкіндік беретін АКТ пәні – ақпараттық қоғамның негізі, басты фундаменті деп айтуға толық негіз бар.

 

Жалпы, дөңгелек стол өте қызу пікірталаспен өтті. Әр топтың студенттері өздерінің ой-пікірлерімен бөлісіп, ақпарат алмасты. Ерекше белсенділік танытқан студенттер: Фит-17-1 тобының студенттері Асқарова Арайлым, Темирханова Сабина, Санатхан Олжас, Фит-18-1 тобының студенттері Шайхин Темірлан, Кокай Сұлтан.

 

Старший куратор                                       Кулбаева Л.Н

Зав. Кафедрой ИТБ                                    Коккоз М.М.

 

Без рубрики