«Менің тілім – менің досым» тақырыбында брейн – ринг форматындағы лингвистикалық ойын


2016 жылдың 12 ақпанында  ОжШТ кафедрасы брейн – ринг форматында «Менің тілім – менің досым» атты тақырыпта факультетаралық лингвистикалық ойын өткізді. Бұл ойынға «Серпін — 2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен студенттер қатысты. Аталмыш ойынның өтуіне «Интеллектуал» клубына жауапты Тусупбеков А.С., Кабанова А.Б. болды.  Аталмыш іс – шараның мақсаты – студенттердің білімін одан әрі жандандыру және логикалық ойлауларын дамыту, ұжымда жұмыс істей білуге үйрету, достық сезімдерін нығайту болып табылады.

 Брейн – рингте бес факультеттің: ТКФ, МФ, СҚФ, ЖКФ, ЭАТФ «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқитын 1-курс студенттері қатысты. Әрбір топтың құрамын алты қатысушы құрды.

Әділқазылар алқасын: «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі Жетпісбай Ш.А., студенттерді өзін-өзі басқару орынбасары «Жас Орда»-мурадов А, ОжШТ кафедрасының доценті- Чуйкина Л.А., ОжШТ кафедрасының оқытушысы Тажибаева С.М..

Без рубрики